Әлеуметтік желілерде тәрбиешінің баланы аяқпен ұрған сәті түсірілген бейнежазба пайда болды. Белгілі болғандай, оқиға «Зейнеп-Амина» жеке балабақшасында орын алған, деп хабарлайды AtyrauPress.
Мекеме басшылығының айтуынша, құқықбұзушылық анықталғаннан кейін тәрбиеші еңбек заңнамасына сәйкес дереу жұмыстан босатылған. Қазіргі таңда құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тексеру жүргізіп жатыр.
Мадина Серікқызы