Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанына он жыл өте біздің қарым-қатынасымыз кең және серпінді серіктестікке айналды. Бұл серіктестік саяси диалогты, қауіпсіздік пен экономикалық даму саласындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ көпжақты дипломатияны, өзара байланыстылық пен инновацияларды қамтиды. Геосаяси шиеленіс пен жаһандық белгісіздікпен ерекшеленетін дәуірде, Қазақстан ЕО үшін тұрақты, сындарлы және перспективалы серіктес болып қала береді.
Қазақстанда
Қазақстан 2027 жылдан бастап денсаулық сақтау саласында бірыңғай сақтандыру моделіне кезең-кезеңімен көшеді, - деп хабарлайды AtyrauPress. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев мәлімдеді. Вице-премьердің айтуынша, аталған реформа медициналық көмектің сапасын арттыруды көздейді. Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгеннен бері салаға бөлінетін қаржы көлемі үш есеге өскен. — Биыл медициналық көмектің бірыңғай пакеті туралы заң қабылданды. Онда 2027 жылдан бастап бірыңғай сақтандыру моделіне кезең-кезеңімен көшу қарастырылған. Бұл ретте шығындардың 35 пайызы тегін медициналық көмектің кепілді көлемі есебінен, ал 65 пайызы МӘМС жүйесі арқылы қаржыландырылатын болады. Саланы цифрландыру аясында E-Densaulyk экожүйесі дамып, 17 ақпараттық жүйе оңтайландырылады, - деді Қанат Бозымбаев. Оның айтуынша, ел бойынша денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары да жалғасып жатыр. - Соңғы үш жылда Ұлттық онкология орталығы, жедел медициналық көмек және жұқпалы аурулар орталықтары сияқты нысандар салынды. Ауылдық аумақтарды дамыту мақсатында биылғы жылдың соңына дейін бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 655 нысанның құрылысы аяқталады. Оның 637-сі бүгінде пайдалануға берілді, - деді Үкімет басшысының орынбасары. Үкімет өкілдерінің айтуынша, жаңа модель саланың тиімділігін арттырып, медициналық қызметтің қолжетімділігін күшейтуге ықпал етпек.
Интерактивті ресурс RasInfo – үш жыл бойы ғалымдар, аналитиктер, киберқауіпсіздік және медиасауаттılık мамандарының бірлескен жұмысының нәтижесі. Қосымшаның мақсаты – пайдаланушыларға цифрлық сауаттылықты арттыруға және жалған ақпараттың индикаторларын анықтауға көмектесу.
1 желтоқсаннан бастап Қазақстанда қысқы дөңгелексіз жүруге тыйым салынды, деп хабарлайды AtyrauPress.
1 желтоқсаннан бастап Қазақстанда қауіпсіздікке бағытталған үш профилактикалық акция басталды, деп хабарлайды AtyrauPress.
14 желтоқсаннан бастап «Алматы–Ташкент» Тальго пойызы күн сайын жүреді, деп хабарлайды AtyrauPress.
1 желтоқсаннан бастап Қазақстанда бірқатар халықаралық авиарейстер орындала бастады, деп хабарлайды AtyrauPress.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми делегация мүшелерімен бірге ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты, деп хабарлайды Ақорда.
Қазақстан мен Өзбекстан арасында жаңа әуе рейстері ашылады, деп хабарлайды AtyrauPress.
АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекеттік саясаттың жүйелі жүзеге асырылуы және қоғамның қолдауының арқасында Қазақстанда темекі шегудің таралуы тұрақты түрде төмендеп келеді. Соңғы жылдары бұл көрсеткіш 17,5%-ға азайды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі жариялады.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Мәскеу қаласында Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер делегацияларының басшыларымен ұжымдық кездесуіне, сондай-ақ ШЫҰ-ға мүше елдердің үкіметтері басшылары кеңесінің шағын және кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 16 қарашада Ташкенттегі Конгресс орталыққа келді, деп хабарлайды Zakon.kz.