Жыл басынан бері өңірде жасөспірімдермен және оларға қатысты жасалатын құқықбұзушылықтардың алдын алу, олардың қауіпсізідігін қамтамасыз ету мақсатында «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім», «Жасөспірім және жауапкершілік», «Жанұя және бала», «Жаз» іс-шаралары өткізілді. Бұл туралы қалалық полиция басқармасы Қоғамдық қауіпсіздік бөлімі бастығының орынбасары Махсот Амангерейұлы баспасөз брифингінде мәлім етті,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Құқық
Атырауда оң жақ рульді және шетелдік нөмірі бар автокөлік иелері жол полициясының ерекше назарында қалғанын айтып, наразылық білдірді, деп хабарлайды AtyrauPress.
Облыста бүгінде 468 педагог-психолог пен 194 әлеуметтік педагог қызмет етеді. Кадр тұрақсыздығы мен жүктеменің көптігіне байланысты биыл аймақтағы барлық мектепке HR+ бағдарламасын енгізу басталды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Жуырда республика көлемінде «Цифрлық өткізу» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
23 қарашадан бастап жол қозғалысы ережелеріне өзгерістер енгізілді. Енді елді мекен ішінде жүк көліктерінің жылдамдығы сағатына 50 км-ден аспауы тиіс,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Ішкі істер министрлігі бірнеше ведомстволық бұйрыққа өзгерістер енгізуді ұсынды, деп хабарлайды AtyrauPress.
Өңірде республикалық «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс -әрекет» науқаны басталды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Атырауда жасөспірімдер қауіпсіздігін күшейту мақсатында полиция мен әкелер бірлескен патрульге шықты
Атырауда жасөспірімдер қауіпсіздігін күшейту мақсатында полиция мен әкелер бірлескен патрульге шықты Атырау қаласында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері мен белсенді әкелерден құралған бірлескен патрульдік топ жұмысын бастады. Бұл бастама Атырау облысының білім басқармасы мен полиция департаментінің қолдауымен жүзеге асуда. Жобаның негізгі мақсаты – жасөспірімдердің тәртіп бұзу жағдайларын азайту, қоғамдағы құқықтық мәдениетті арттыру және балалардың қауіпсіздігін күшейту. Атыраудың белсенді әкелері «Ұлт болашағы мен бала қауіпсіздігі – бүгінгі заң мен тәртіптен басталады» деген ұстаныммен тәртіп сақшыларымен бірге түнгі рейдтерге қатысып жүр. Жыл басынан бері түнгі уақытта ата-ана қарауынсыз жүрген 5000-нан астам жасөспірім анықталған. Бұл көрсеткіш кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін бақылау шараларын күшейтудің маңыздылығын көрсетеді. Рейд барысында полиция қызметкерлері мен әкелер түнгі сағат 23:00-ден кейін көшеде жалғыз жүрген жасөспірімдерге заң талаптарын түсіндіріп, мұндай әрекеттің қауіптілігін және жауапкершілігін ескертті. Сонымен қатар, топ мүшелері ойын-сауық орталықтары мен ойын клубтарына барып, құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізді. Бұл профилактикалық шаралар жасөспірімдердің құқық бұзушылыққа баруына жол бермеуге және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Атырау әкімдігі әуежай маңындағы кәсіпкердің жер учаскесін мемлекет қажеттілігіне алмақ, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі AtyrauTODAY сайтына сілтеме жасап.
Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты 23 жастағы Яна Легкодимованың өліміне қатысты іс бойынша үкімді жариялады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Мәжілістің жалпы отырысында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екінші оқылымда қаралып, қабылданды, - деп хабарлайды AtyrauPress.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Премьер-Министр Олжас Бектеновтің атына Қарулы Күштердегі әскери тәртіп пен құқықтық тәртіпті нығайту мәселесіне арналған депутаттық сауал жолдады, - деп хабарлайды AtyrauPress. Хатта халық қалаулылары қазіргі заңнаманың әскери қызмет саласындағы тәртіп пен жауапкершілікті толық қамтамасыз ете алмай отырғанын атап өтті. Депутаттардың пікірінше, қолданыстағы құқықтық нормалар ескіріп, әскери полиция мен қолбасшылық құрылымдарының өкілеттіктері нақты айқындалмаған. Қоғамның әскерге сенімі – ұлттық қауіпсіздіктің кепілі Сауалда әскери тәртіптің Қарулы Күштердің тиімділігі мен тұрақтылығын айқындайтын негізгі фактор екені баса айтылған. Дегенмен, депутаттар соңғы жылдары орын алған бірқатар мәселелерге - бөлімнен өз бетімен кету, жарғыдан тыс қатынастар, сыбайлас жемқорлық және психологиялық тұрақсыздық көріністеріне алаңдаушылық білдірді. «Қолданыстағы құқықтық база тәртіптік жауапкершілікті және рәсімдердің ашықтығын толық қамтамасыз етпейді. Ал бұл қоғамның әскерге деген сеніміне әсер етеді», - делінген депутаттық сауалда. Негізгі ұсыныстар Мәжілісмендер әскери тәртіпті нығайту мақсатында бірқатар нақты шараларды ұсынды: - әскери полиция, қолбасшылық және құқық қорғау органдары арасындағы функцияларды нақты ажырату; - бөлімнен өз бетімен кету фактілеріне қатысты жауапкершілікті қатаңдату; - теріс себептермен қызметтен босату және әлеуметтік кепілдіктерді теріс пайдалану мәселелерін реттеу; - әскери психологтарды даярлау мен аттестаттау жүйесін енгізу; - суицидтің алдын алу жөніндегі ведомствоаралық бағдарламаны әзірлеу; - сержанттар мен келісімшарттық әскери қызметшілерге арналған көшбасшылық және зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша міндетті оқу бағдарламаларын енгізу. Депутаттардың айтуынша, аталған шаралар әскердегі төтенше оқиғалардың алдын алуға, командирлер мен әскери полиция органдарының жұмысын тиімді етуге және тәртіптің заманауи цифрлық бақылау жүйесін құруға мүмкіндік береді. Президент тапсырмалары ескерілмек Мәтінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың армиядағы тәртіп пен құқықтық мәдениетті арттыру жөніндегі тапсырмаларына да сілтеме жасалған. Президент бұған дейін әскерде моральдық-психологиялық ахуалды жақсарту, сыбайлас жемқорлықтың және жарғыдан тыс қатынастардың алдын алу қажеттігін бірнеше рет атап өткен болатын. «Бұл бағыттағы жұмыстардың нәтижелі болуы заңнаманы жетілдіруге тікелей байланысты», - делінген сауалда. Құжатқа қол қойғандар: Депутаттық сауалға Мәжіліс депутаттары А. Лукин, Д. Қыдырәлі, С. Ершов, Б. Жексенбай, А. Нұғманов, Г. Сарыбаев, А. Сатвалдиев және Г. Шиповских қол қойған. Халық қалаулылары Премьер-Министрден заңда белгіленген мерзімде жазбаша жауап беруді сұрап отыр.