Оқиға

Атырауда жыл басынан 14 автокөлік өртенген

Атырауда жыл басынан 14 автокөлік өртенген

Жыл басынан бері Атырау облысында автокөліктердің өртенуіне байланысты 14 жағдай тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 40%-ға көп, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Құлсарыда мектеп оқушылары арасындағы жанжалға байланысты қылмыстық іс қозғалды

Құлсарыда мектеп оқушылары арасындағы жанжалға байланысты қылмыстық іс қозғалды

5 ақпан күні «102» арнасына Құлсары қаласында 10-сынып оқушысының қатарластарымен болған жанжалдан кейін оларға шабуыл жасап, мектеп аумағынан бой тасалағаны туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды AtyrauPress.Оқиға салдарынан екі оқушы жеңіл дене жарақатын алған. Хабарлама түскен бойда полиция қызметкерлері жедел түрде оқиға орнына жетіп, күдікті жасөспірімді анықтап, ұстады. Оқиғаға қатысқан жасөспірімдер мен олардың ата-аналары полиция бөліміне жеткізілді. Аталған дерек бойынша бұзақылық фактісімен қылмыстық іс қозғалды. 15 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, ішкі істер органдарының профилактикалық есебіне алынды. Жинақталған материалдар шешім қабылдау үшін Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жолданды. Сонымен қатар жасөспірімнің ата-анасына қатысты кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік іс қозғалды. Қылмыстық іс аясында қылмысқа ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы білім беру бөліміне ұсыныс енгізілді. Тергеу нәтижесі бойынша білім беру ұйымының лауазымды тұлғаларының, сондай-ақ оқу орнын күзетуді жүзеге асырған күзет агенттігі қызметкерлерінің әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады.

ҰҚК бірлескен операциясы барысында 20 адам ұсталды

ҰҚК бірлескен операциясы барысында 20 адам ұсталды

2026 жылғы 4 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, Бас прокуратураның үйлестіруімен ұйымдасқан қылмыстық топтарға қарсы арнайы операция өткізді, деп хабарлайды AtyrauPress ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Операция Алматы мен Шымкент қалалары, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстары, сондай-ақ Абай және Жетісу облыстарында бір мезгілде жүргізілген. Нәтижесінде 20 адам ұсталып, олардың 10-ы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тінту барысында күдіктілерден атыс қаруы, оқ-дәрілер, есірткі заттары, ірі көлемдегі ақша қаражаттары және өзге де заттай дәлелдер тәркіленген. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді, деп хабарлайды ҰҚК.

Жангелдиндегі қанды қылмыс: күдіктінің балалары балалар үйіне тапсырылды

Жангелдиндегі қанды қылмыс: күдіктінің балалары балалар үйіне тапсырылды

Атырау облысы Махамбет ауданына қарасты Жангелдин ауылында орын алған жантүршігерлік оқиғаға байланысты күдікке ілінген Сұлтан Сәрсемәлиев пен қаза тапқан ерлі-зайыптының қызы Ақбаян Мұқанғалиева әлі күнге дейін табылған жоқ, деп хабарлайды AtyrauPress.

Атырауда студентке 70 рет дене жаттығуын жасатқан  мұғалім жазаланды

Атырауда студентке 70 рет дене жаттығуын жасатқан мұғалім жазаланды

Атыраудағы колледждердің бірінде сабаққа кешіккен студентке дене жаттығуын орындату дерегі қоғамда талқылауға түсті, деп хабарлайды AtyrauPress. Атырау облысы Білім беру басқармасының ресми мәліметінше, оқиға 2026 жылғы 30 қаңтарда Атырау энергетика және құрылыс колледжінде болған. Колледж студенті «Ағылшын тілі» пәнінің сабағына белгіленген уақыттан 6 минутқа кешігіп келген. Сабақ барысында пән оқытушысы студентке тәртіптік шара ретінде отжимание жасауды ұсынған. Алғашында студент бұл талаппен келіспегенімен, кейін 70 рет дене жаттығуын орындаған. Осыдан соң ол сабаққа қатысуын жалғастырып, оқу процесіне белсенді араласқан. Сабақ кезінде және одан кейін студенттің денсаулығына байланысты ешқандай шағым тіркелмеген. Колледж әкімшілігі жағдайды назарға алып, студенттің заңды өкілімен түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Тараптар арасында әңгімелесу ұйымдастырылып, мәселені өзара келісім арқылы шешу мүмкіндігі қарастырылған. Алайда кейін студенттің анасы бұл жағдайды заң аясында қарау жөнінде шешім қабылдаған. Аталған дерек колледж жанынан құрылған Әдеп жөніндегі кеңесте қаралып, қолданыстағы заңнама мен ішкі тәртіп талаптарына сәйкес шешім қабылданған. Нәтижесінде педагогке кәсіби әдеп нормаларын сақтамағаны үшін еңбек заңнамасына сәйкес тәртіптік жаза қолданылды. Айта кетейік, Полиция департаментінің мәліметінше, тараптардың татуласуына байланысты арыз-шағым тіркелмеген. 2 ақпан күні студенттің анасы мен пән мұғалімі өзара келісімге келген. Білім беру басқармасы қазіргі таңда студенттің құқықтары мен қауіпсіздігі толық қамтамасыз етілгенін, ата-анамен тұрақты байланыс орнатылғанын хабарлады.

Қайтыс болғандарға ем көрсеткен: МӘМС жүйесіндегі сорақы фактілер жарияланды

Қайтыс болғандарға ем көрсеткен: МӘМС жүйесіндегі сорақы фактілер жарияланды

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қайтыс болған азаматтарға қызмет көрсетілген мыңдаған жағдай тіркелді, деп хабарлайды AtyrauPress.Бұл туралы Қаржы министрлігі жүргізген Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметін талдау қорытындысында айтылды. Министр Мәди Такиевтің мәліметінше, 996 қайтыс болған адамға қатысты 3 640 медициналық қызмет көрсету фактісі анықталған. Тіпті 2023 жылы қайтыс болған азаматты 2025 жылы дәрігер қабылдауына тіркеген деректер бар. Сондай-ақ бір күнде 1 400-ден астам пациент қабылдаған клиникалар, бір айда 4 800-ден астам науқасты «қараған» дәрігерлер тіркелген. Бұл көрсеткіштер медициналық қызмет көрсету нормаларына мүлде сәйкес келмейді. Айта кетейік, мұндай заңбұзушылықтар бюджет қаржысының тиімсіз жұмсалуына әкеліп отыр. Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ.

Атырауда баскетбол ойыны кезінде 13 жастағы жасөспірім көз жұмды

Атырауда баскетбол ойыны кезінде 13 жастағы жасөспірім көз жұмды

Атырау қаласында баскетбол ойыны барысында 13 жастағы жас спортшы қайтыс болды, деп хабарлайды AtyrauPress.Қайғылы оқиға баскетбол алаңында орын алған. Марқұм — AiRom баскетбол академиясының тәрбиеленушісі Тасболат Абдулазиз. Оның қаза болғаны туралы академия өкілдері әлеуметтік желідегі ресми парақшасында мәлімдеді. Жарияланған ақпаратта Тасболаттың мақсатшыл, еңбекқор спортшы болғаны, командадағы әріптестері мен бапкерлері арасында сый-құрметке ие болғаны айтылған. «Абдулазиз алаңда да, өмірде де нағыз күрескер ретінде жадымызда мәңгі қалады», — делінген академияның хабарламасында. AiRom академиясы марқұмның отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтып, олардың қайғысына ортақтасатынын жеткізді. Оқиғаның нақты мән-жайы мен жасөспірімнің қаза болу себебі әзірге ресми түрде хабарланған жоқ.