«Байзар» тағы өртеніп жатыр ма?

«Байзар» сауда-ойын-сауық орталығында орналасқан фастфуд дәмхананаларының бірінде түтін шығып, келушілер арасында алаңдаушылық туғызды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тез таралып кетті. Атырау облысы ТЖД мәліметі бойынша, өрт оқиғасы тіркелген жоқ. Ведомствоның хабарлауынша, тағам әзірлеу кезінде май жанып, соның нәтижесінде түтін пайда болып, ол ғимаратқа таралған. Жағдай тез арада реттеліп, өрт қаупінің алды алынды. Зардап шеккендер жоқ.

Осы орайда, ТЖД мамандары адамдар көп жиналатын орындарда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ұсынады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото: yandex.com