Атырау облысы әкімінің өкіміне сәйкес, Атырау облысы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы лауазымына Нариман Биғали тағайындалды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Саясат
Еуразиялық интеграция институты жүргізген сауалнама бойынша Exit poll нәтижесі бойынша қазақстандықтардың 86,7%-ы «Иә, қабылдаймын» деп жауап берген.
Еліміздің тарихында маңызды сәттердің бірі болып есептелетін бүгінгі күні Жастар театрының актрисасы Әйгерім Силықова №92 референдум учаскесінде өз дауысын берді.
Атыраудағы #92 референдум учаскесіне келген тұрғындарды күтпеген тосынсый қарсы алды. Қазақ комедиясының шедеврі «Тақиялы періште» фильмінің кейіпкерлері Тайлақ пен Алтыншаш дауыс беруге келіп, өз таңдауларын жасады. Олар дауыс берушілердің назарын аударып, көпшіліктің көңілін көтерді.
Бүгін – еліміз үшін аса маңызды саяси науқан – республикалық референдум өтіп жатыр. Бұл маңызды шарадан Атырау қаласында тұратын Гаджиевтер отбасы да тыс қалған жоқ.
Астана қаласындағы №117 сайлау учаскесіне Қырғыз Республикасының Сайлау және референдум өткізу жөніндегі орталық комиссиясының төрағасы Тынчтык Шайназаров келіп, конституциялық референдумның өту барысымен танысты.
Қазақстанға халықаралық бақылаушы ретінде келген Өзбекстан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Зайниддин Низамходжаев референдумға дайындық пен дауыс беру барысын жоғары бағалады. Оның айтуынша, делегация жұмысын елге келген бойда, яғни кеше бастаған.
Доссор кентіндегі №211 референдум учаскесінің комиссия мүшелері Х.Аухатов көшесінің тұрғыны, 100 жастағы тыл ардагері Еркеш Жексенқалиқызының үйіне барып, дауыс беруіне мүмкіндік жасады.
Еңбекшіл ауылындағы №230 референдум учаскесінде денсаулығына байланысты үйден дауыс беруге алдын ала өтініш білдірген 5 тұрғынның үйіне бюллетень жәшігі апарылады.
Атырау облысының бірқатар аудандарында референдум науқанына тұрғындар белсенді қатысып жатыр. Әсіресе ел болашағына бейжай қарамайтын аға буын өкілдерінің белсенділігі көпшілікке үлгі болуда. Индер және Жылыой аудандарында жүз жасаған тыл ардагерлері дауыс беріп, ел тағдырына қатысты маңызды шешімнен шет қалмайтындарын көрсетті.
Атырау қаласындағы №57 референдум учаскесінде Атырау әйелдер футбол клубының 18 жасқа толған спортшысы Інжу Серікқали республикалық референдумға алғаш рет қатысып, өз таңдауын жасады.
Мен Атырау облысы тумасымын. Дубна қаласындағы Біріккен Ядролық Зерттеу Институтының ғылыми қызметкері және аспиранты ретінде, бүгін референдумға өз үлесімді қосуға шешім қабылдадым.