Атырау облысы ТЖД Имидждік жұмыс және сыртқы коммуникациялар тобы тұрғындарға ескерту жасады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Атырау облысында соңғы бір апта ішінде бес автокөліктің (қала – 2, аудан – 3) жану дерегі тіркелді. Көбінесе тілсіз жаудың шығуы автокөліктің электр сымдарының қысқаша тұйықталуынан пайда болады.
– Автокөліктеріңізді дер кезінде техникалық байқаудан өткізгеніңіз дұрыс;
– Үнемі оның дұрыс екенін қадағалаңыз, әсіресе электр сымдарға назар аударыңыз;
– Автокөлігіңізде өрт сөндіргіш міндетті түрде болсын, оны қолжетімді жерде ұстаңыз;
– Егер Сіздің автокөлігіңізде өрт болған жағдайда көлікті тоқтатып, өрт сөндіргіш құралын алып, өрт ошағына жақындатып шашыңыз;
– Егер өрт сөндіргіш құралыңыз тиімді болмаса, әрі қарай құм мен топырақты пайдаланыңыз.
– Жанып жатқан кезде мүмкіндігінше есік пен терезені ашық қалдырмаңыз. Көліктің есігін мықтап жаппасаңыз, өрт шарықтап кетуі мүмкін. Төтенше жағдайлар мен оқиғалар орын алған кезде «101», «112» нөміріне хабарласыңыз! - дейді құтқарушылар.
Амандық АБДОЛ