Әлеумет

Атырауда 28 мыңнан астам жұмыссыз әлеуметтік төлем алды

Атырауда 28 мыңнан астам жұмыссыз әлеуметтік төлем алды

2025 жылы Атырау облысында жұмысынан айырылуына байланысты 28 225 адамға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры есебінен 12,6 млрд теңге көлемінде әлеуметтік төлем берілді, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырауда 29 әлеуметтік нысан лицензия алды

Атырауда 29 әлеуметтік нысан лицензия алды

Өткен жылы Атырау облысында арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін 29 ұйым халықты әлеуметтік қорғау саласы бойынша лицензиядан өтті. Лицензиялау талаптары Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес міндетті болды,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырауда мемлекет және қоғам қайраткері дүниеден өтті...

Атырауда мемлекет және қоғам қайраткері дүниеден өтті...

Тоқсан төрт жасқа қараған шағында мемлекет және қоғам қайраткері, даңқты мұнайшы, КСРО Мұнай өнеркәсібінің үздік қызметкері, Қазақстанның еңбек сіңірген мұнайшысы, Атырау облысының Құрметті азаматы, республикалық дәрежедегі дербес зейнеткер Есен Тасқынбаев дүниеден өтті.

«Халық қатысатын бюджет»: Атырауда 40 спорт және ойын алаңы пайдалануға берілді

«Халық қатысатын бюджет»: Атырауда 40 спорт және ойын алаңы пайдалануға берілді

Атырау қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы шеңберінде тұрғындардың тікелей ұсыныстары негізінде салынған 40 ойын және спорт алаңы пайдалануға берілді, деп хабарлайды AtyrauPress Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Жаңа нысандар халықаралық стандарттарға сай жабдықталып, барлық қауіпсіздік талаптары толық сақталған. Атап айтқанда, кіші футбол алаңдарына шаршы метрі 17 мың дитекс көрсеткіші бар заманауи жасанды көгал төселіп, түнгі жарықтандыру шамдары орнатылған. Атырау қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Ғасырбек Төлегеннің айтуынша, алаңдар көпжылдық тәжірибені ескере отырып салынған. – Қала аумағында аула футболын дамыту жұмыстары 2006 жылдан бері үздіксіз жүргізіліп келеді. Биыл пайдалануға берілген алаңдар жиырма жылға жуық тәжірибе негізінде, бұрын анықталған барлық кемшіліктер ескеріліп салынды. Қауіпсіздікті арттыру мақсатында Қытайдан арнайы жасанды көгалға тапсырыс берілді. Оның бір шаршы метрінде 17 мың талшық шөбі бар, бұл жабындыны қалың әрі жұмсақ етеді, – деді ол. Айта кетейік, қазіргі таңда Атырау қаласында 700-ден астам ойын және спорт алаңы бар. Барлық нысандар тұрғындардың еркін пайдалануына беріліп, бұқаралық спортты дамытуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға қызмет етіп келеді.

Атырауда «Тұрмыс» іс-шарасы кезінде 400-ге жуық адам жауапқа тартылды

Атырауда «Тұрмыс» іс-шарасы кезінде 400-ге жуық адам жауапқа тартылды

Атырау облысында қаңтардың 27 мен 31-і аралығында отбасындағы жанжал мен зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін «Тұрмыс» жедел профилактикалық іс-шарасы өтті. Бұл туралы ПД отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің аға инспекторы Айгерім Мұратова баспасөз мәслихатында мәлім етті, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Іс-шара барысында полиция қызметкерлері тұрғылықты үйлерді аралап, жанжал жиі болатын отбасыларды тексерді. Мұндай отбасылар қазір тұрақты бақылауға алынған. Нәтижесінде түрлі заңбұзушылықтар үшін 364 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың басым бөлігі отбасындағы тәртіпті бұзу, тыныштықты сақтамау және полиция талаптарына бағынбау деректері бойынша тіркелген. Сонымен қатар 93 қорғау нұсқамасы беріліп, 39 адамға сот арқылы ерекше талаптар қойылды. Бұл талаптар агрессия көрсеткен адамдардың жәбірленушіге жақындауына немесе байланыс орнатуына шектеу қояды. – Басты мақсат – отбасындағы жанжалдың ушығып кетуіне жол бермеу. Осындай алдын алу шаралары арқылы көптеген жағдайдың алдын алуға болады, – деді А.Мұратова. Брифинг соңында спикер, тұрғындарды отбасылық жанжалға куә болған жағдайда 102 нөміріне хабар беруге шақырады.

Ақсай шағын ауданында салқын су уақытша өшіріледі

Ақсай шағын ауданында салқын су уақытша өшіріледі

КМК «Атырау облысы Су арнасы» 2026 жылғы 2 ақпанда Атырау қаласында авариялық-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетініне байланысты салқын су беру уақытша тоқтатылатынын хабарлады. Ақпаратқа сәйкес, Ақсай шағын ауданының 14-көшесінде салқын су сағат 14:30-дан 18:00-ге дейін болмайды. Коммуналдық мекеме тұрғындарға уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және қажетті су қорын алдын ала дайындап алуды ұсынды.

Атырауда биыл қанша үй сүрілетіні белгілі болды

Атырауда биыл қанша үй сүрілетіні белгілі болды

Атырау қаласында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында апатты деп танылған тұрғын үйлерді сүру жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды AtyrauPress. Бұл туралы қала әкімдігі тарапынан берілген ресми ақпаратта айтылды. Мамандардың мәліметінше, 2025 жылы қала аумағында апатты жағдайдағы 5 мекенжайда орналасқан 8 қосқабатты тұрғын үй сүрілген. Аталған жұмыстарға 10 маман мен 8 арнайы техника тартылып, құрылыс қауіпсіздігі мен еңбек қорғау талаптары толық сақталған. Сүру жұмыстары Қожақаева көшесі, 1-үйде, Бейбітшілік көшесі, 64 және 66-үйлерде, Достық көшесі, 8 және 12-үйлерде, Оңдасынова көшесі, 9-үйде, сондай-ақ Стаханов көшесі, 3 және 4-үйлерде жүргізіліп, белгіленген мерзімде толық аяқталған. Мердігер ұйым ретінде «AG Disinfecting» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмыс атқарған. Апатты деп танылған үйлердің тұрғындары алдын ала жаңа әрі қауіпсіз пәтерлерге көшірілген. Қоныс аудару барысында тұрғындардың әлеуметтік жағдайы ескеріліп, барлық ұйымдастыру жұмыстары жергілікті атқарушы органның бақылауымен жүргізілген. Сонымен қатар, 2025 жылы «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында қала аумағында 117 жер үйді сүру жұмыстары атқарылды. Бұл жұмыстар да экологиялық талаптар мен санитарлық нормаларға сәйкес жүргізіліп, аумақтар толық тазартылған. Айта кетейік, 2026 жылға арналған жоспарға сәйкес, Атырау қаласында 47 жеке тұрғын үй мен апатты жағдайдағы 6 көпқабатты тұрғын үйді сүру көзделіп отыр. Аталған жұмыстардың басым бөлігі Ескі қала шағын ауданында жүзеге асырылады. Бұл өз кезегінде қала инфрақұрылымын жаңғыртуға және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

Мәжіліс депутаты Ажар Сағандықова «Ембімұнайэнерго» ұжымымен кездесті

Мәжіліс депутаты Ажар Сағандықова «Ембімұнайэнерго» ұжымымен кездесті

«Ембімұнайгаз» АҚ-ның «Ембімұнайэнерго» басқармасында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ажар Сағандықованың еңбек ұжымымен кездесуі өтті, деп хабарлайды AtyrauPress.Кездесу Мәжіліс депутатының Атырау облысына жұмыс сапары аясында ұйымдастырылды. Жиынға басқарма қызметкерлері, сондай-ақ Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының Атырау облыстық филиалының төрайымы Нұрайнаш Камалова қатысты. Жиын барысында Ажар Сағандықова Парламентте қаралып жатқан заң жобалары, депутаттық сауалдар және өзі көтеріп жүрген әлеуметтік мәселелер туралы баяндады. Атап айтқанда, ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған аналарды қоса алғанда, әйелдердің зейнет жасын төмендету мәселесін тұрақты түрде көтеріп жүргенін айтты. Сондай-ақ жас мамандарды қолдауға бағытталған ұсыныстарын ортаға салды. Оның ішінде тағылымдамадан өту кезеңін жалпы еңбек өтіліне енгізу және практика кезінде жалақы төлеу мәселелері бар.Мұндай кездесулердің қажеттілігі еңбек ұжымдарының өзекті мәселелерін тікелей депутаттарға жеткізуге мүмкіндік беруімен байланысты. Бұған дейін көптеген түйткілдер ресми форматта ғана айтылса, енді ашық диалог орнауда. Өз кезегінде Нұрайнаш Камалова партияның облыстық филиалының жұмысы мен негізгі бағыттары туралы ақпарат берді. Бамқосуда экологиялық айыппұлдардың өңірде қалдырылып, мақсатты түрде пайдаланылуы, денсаулық сақтау саласындағы мәселелер, сондай-ақ дәрі-дәрмек бағасының тұрақсыздығы талқыланды. Қойылған сұрақтардың барлығына тиісті жауаптар берілді. Эмир Артуров. Фото: «Ембімұнайгаз» АҚ баспасөз қызметі.