Атырауда бүгін су деңгейі қандай?

Атырау облысында 26 наурыз сағат 08.00-дегі  су деңгейі туралы мәлімет жарияланды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Ембі-Аққызтоғай гидробекетіндегі жағдай:

Су деңгейі 260 см-ге жетті. Қауіпті деңгей – 340 см. Соңғы тәулікте су 10 см-ге көтерілді. Жоғарғы ағыстан келген су тасқынының әсерінен су деңгейінің өзгеруі күтілуде.

Ойыл-Миялы гидробекетіндегі  жағдай:

Су деңгейі 484 см-ге жетті. Соңғы тәулікте 5 см-ге көтерілді. Жоғарғы ағыстан келген судың әсерінен су деңгейінде ауытқулар күтілуде.

Мамандар тұрғындарға  су деңгейінің өзгерістерін мұқият қадағалап, төтенше жағдай қызметтерінің нұсқаулықтарын орындауға кеңес береді.