Атырауда су деңгейін енді телеграм-канал мен инстаграм арқылы біліп отыруға болады

Атырауда күнделікті су деңгейін жариялап тұратын телеграм арнасы мен инстаграм парақшасы ашылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Онда Төтенше жағдай жөніндегі жедел штаб тәулік сайын өңірдегі өзендердің су деңгейін жариялап отырады. Бұл өз кезегінде тұрғындар үшін дер кезінде шынайы әрі нақты ақпарат алуға мүмкіндік бермек. Әсіресе,  әлеуметтік  желідегі жалған ақпараттардың алдын алуға мұндай ресми арнаның көмегі көп. 

Телаграм-канал мен инстаграм парақшасына осы сілтемелерге өту арқылы жазылуға болады.

Амандық АБДОЛ