Мәдениет

Атырауда Алғыс айту күні айрықша аталып өтті

Атырауда Алғыс айту күні айрықша аталып өтті

Татулығы тамыр жайған, ынтымағы ұйысқан қасиетті қазақ жерінде көктемнің алғашқы күнінде аталып өтетін 1 наурыз – Алғыс айту күні елдік сананы жаңғыртып, жүректерді жақындататын айрықша сәт. Бұл күн өткенге — тағзым, бүгінге — шүкір, келешекке сенім ұялатып, мейірім мен ізгілікті ту етеді. Осындай мағыналы да мазмұнды мерекеге арналған Атырау қаласында өткен салтанатты іс-шара барша жұртты бірлік пен бейбітшіліктің, өзара құрмет пен ризашылықтың алтын арқауына тоғыстырды.

Мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына биыл 95 жыл

Мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына биыл 95 жыл

Қазақтың қара өлеңінің қас шебері, мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына биыл 95 жыл толуына орай Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы мен Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Ақын шығармашылығына арналған оқулар» байқауы өтті, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырауда Рысбай Ғабдиевтің 90 жылдығына арналған еске алу кеші өтті

Атырауда Рысбай Ғабдиевтің 90 жылдығына арналған еске алу кеші өтті

Ғабдол Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханада Қазақстанның халық әртісі, домбырашы, дирижер, күй өнерінің көрнекті өкілі Рысбай Ғабдиевтің туғанына 90 жыл толуына орай «Ұлылық рухына тағзым» атты еске алу кеші ұйымдастырылды, деп хабарлайды AtyrauPress.Шара барысында төкпе күйдің тарланы саналатын күйшінің өмір жолы мен шығармашылығы кеңінен таныстырылып, репертуарындағы таңдаулы күйлер орындалды. Еске алу кешінде күй өнерінің дамуына сіңірген еңбегі, ұлттық музыкаға қосқан үлесі ерекше атап өтілді. Іс-шараға Атырау облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Өтешов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, мәдениет саласының майталманы Алма Әзидоллақызы, Дина Нұрпейісова атындағы академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің, Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық филармонияның өкілдері, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің оқытушылары мен студенттері, сондай-ақ Атырау музыка колледжі мен кітапхана оқырмандары қатысты. Сондай-ақ кешке домбырашы, халықаралық конкурстардың лауреаты Ғабдиев Арыстанбек Рысбайұлы және Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің музыка және өнер кафедрасының қауымдастырылған профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Ғабдиев Мұхаддас Рысбайұлы қатысып, кітапхана ұжымына алғыстарын білдірді.   Айта кетейік, еске алу кеші аясында Рысбай Ғабдиевтің өмірі мен шығармашылығына арналған арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандар назарына ұсынылды.

Атырауда Чайковский шығармашылығына арналған классикалық музыка кеші өтті

Атырауда Чайковский шығармашылығына арналған классикалық музыка кеші өтті

Н.Жантөрин атындағы облыстық филармония залында әлемдік классикалық музыка өнерінің көрнекті өкілі, ұлы композитор Пётр Чайковскийдің шығармашылығына арналған классикалық музыка кеші жоғары деңгейде өтті, деп хабарлайды AtyrauPress.Концерт барысында композитордың вокалдық және фортепианолық шығармалары орындалып, Чайковский музыкасына тән лирикалық тереңдік, сезім байлығы мен камералық нәзік болмыс көрерменге кеңінен таныстырылды. Бағдарламаға енген романстар мен опералық туындылар махаббат, тағдыр, үміт пен адам жанындағы толғаныс тақырыптарын айқын бейнеледі. Кешке филармонияның талантты әрі тәжірибелі орындаушылары қатысты. Атап айтқанда, вокалдық шығармаларды Мәди Айтасов, Алиса Құрмет және Артур Борисенко орындады. Концертмейстерлер Елена Войтова мен Ольга Войтова фортепианолық сүйемелдеумен кештің көркемдік мазмұнын толықтыра түсті. Сондай-ақ, «VIVO» фортепианолық дуэті өнер көрсетті. Бағдарлама Чайковскийдің кеңінен танымал шығармаларымен түйінделіп, классикалық музыканың асқақ рухы мен көркемдік қуатын айшықтаған мазмұнды кеш ретінде көрермен жадында қалды.

Атырауда «Өкінбе сен» авторлық спектакльдің премьерасы өтті

Атырауда «Өкінбе сен» авторлық спектакльдің премьерасы өтті

Атырау қаласында «Талшын» инклюзивті театры ұсынған «Өкінбе сен» атты авторлық спектакльдің премьерасы өтті. Шынайы өмірден алынған сәттерге негізделген қойылым көрерменнің жүрегіне жол тауып, зал лық толды. Спектакльдің өзегінде мүмкіндігі шектеулі жандардың, соның ішінде «Біз де адамбыз» қоғамдық қорының мүшелерінің тағдырлары суреттеледі, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Атырауда былтыр 4500-ден астам мәдени іс-шара өтті

Атырауда былтыр 4500-ден астам мәдени іс-шара өтті

Облыста 2025 жылы 4,5 мыңнан астам мәдени іс-шара ұйымдастырылып, 900 мыңға жуық көрермен қамтылды. Бұл туралы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Әбіл Жоламанов баспасөз брифингінде мәлімдеді, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атыраулық мұнайшы Мақсым Ізбасов «Барыс» орденімен марапатталды

Атыраулық мұнайшы Мақсым Ізбасов «Барыс» орденімен марапатталды

Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтай барысында Атыраулық мұнайшы, қоғам қайраткері Мақсым Ізбасов жоғары мемлекеттік награда – «Барыс» орденімен марапатталды, деп хабарлайды AtyrauPress.Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлімдеді. Мемлекет басшысы құрылтай жұмысына белсене қатысып, елдегі реформалардың табысты жүзеге асуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматты марапаттаған. Мақсым Ізбасов мұнай-газ саласында және мемлекеттік қызметте ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосты. Ол халықаралық және өңірлік ынтымақтастықты дамытуға, қоғамдық бастамаларды қолдауға белсенді атсалысқан тұлға ретінде танылған. Сондай-ақ ол Жылыой ауданының әкімі қызметін атқарған кезеңде ауданның инфрақұрылымын жақсарту, әлеуметтік мәселелерді шешу және экономиканы дамыту бағытында нақты жұмыстар жүргізді. Айта кетейік, «Барыс» ордені – Қазақстан Республикасындағы ең жоғары мемлекеттік наградалардың бірі. Ол мемлекет дамуына, қоғамдық және әлеуметтік салаға ерекше еңбек сіңірген азаматтарға табысталады.

Енді «Құрметті азамат» атағы  кім көрінгенге берілмейді

Енді «Құрметті азамат» атағы кім көрінгенге берілмейді

Қазақстанда «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру тәртібін біріздендіру жоспарланып отыр, деп хабарлайды AtyrauPress. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі әзірлеген нормативтік-құқықтық акт жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Құжатта өңірлерде құрметті атақ беру қағидаларын ортақ ереже бойынша реттеу ұсынылған. Осы уақытқа дейін әр облыс, қала немесе аудан «Құрметті азамат» атағын өз бекіткен қағидаларына сәйкес беріп келді. Соның салдарынан: құжаттар тізімі өңірге қарай әртүрлі болды; рәсімдеу уақыты мен тәртібі біркелкі емес еді; әкімшілік жүктеме артып, процестер күрделене түсті. Енді жаңа жобаға сәйкес: «Құрметті азамат» атағын беру тәртібі бірыңғай ережемен реттеледі; артық рәсімдер мен құжаттар қысқартылады; шешім қабылдау үдерісі жеңілдеп, ашық бола түседі; барлық өңірлер үшін ортақ талаптар белгіленеді. Әзірлеушілердің айтуынша, бұл өзгерістер атақ беру процесін жүйелеуге және жергілікті атқарушы органдардың жұмысын оңтайландыруға бағытталған.   Айта кетейік, құжат қабылданған жағдайда оның әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық тұрғыда теріс салдары болмайды деп күтілуде. Қазіргі таңда жоба көпшілік талқылауына ұсынылып, «Ашық НҚА» порталында жарияланып отыр.   Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ.

Аида Балаева Әуезов театрының 100 жылдығымен құттықтады

Аида Балаева Әуезов театрының 100 жылдығымен құттықтады

  ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрын 100 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды AtyrauPress. Бұл туралы министр өзінің құттықтау мәтінінде жариялады. Онда Әуезов театры қазақ руханиятының қара шаңырағы екені және ғасыр бойы ұлттың тағдырлы кезеңдерін сахна тілімен жеткізіп келе жатқаны айтылған. Министрдің атап өтуінше, театр 1926 жылы «Еңлік-Кебек» спектаклімен шымылдығын ашып, содан бері «Абай», «Қобыланды», «Қарагөз», «Айман – Шолпан» сынды қазақ драматургиясының алтын қорына енген қойылымдарды көрерменге ұсынды. Өнер ордасы 1937 жылы академиялық мәртебе алып, кейін Мұхтар Әуезовтің есімі берілген. Аида Балаева бүгінде театрдың «Ұлттық» мәртебеге ие болып, әлемдік мәдени кеңістікке батыл қадам жасап келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, театр дәстүр мен жаңашылдықты ұштастырып, қазақ өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосып келеді. Айта кетейік, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры – еліміздегі тұңғыш кәсіби театр. 100 жылдық мерейтой аясында жыл бойы бірқатар мәдени іс-шаралар мен арнайы қойылымдар жоспарланған.