Наурызнама аясында Атырау қаласында ауқымды іс-шаралар өтеді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Мәдениет
Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында өткен «Nurly Fest Dubai-2025» халықаралық байқауында топ жарған “KN өнер мектебінің” өнерпаздары елге оралды. Олар Қазақстанның атынан лайықты деңгейде өнер көрсетіп, жоғары орындаушылық шеберліктерін көрсетіп, бас жүлдені жеңіп алды. Әуежайда оларды әуенмен, сыйлықтармен, қуанышпен қарсы алды.
«Былина» орыс этномәдени бірлестігінің төрағасы Андрей кораблев жастардың қазақ тіліне қызығушылығы артқанын айтады.
Бүгін Атырау қаласындағы №44 мектеп-гимназиясында Қазақстанның Құрметті журналисі, бұрынғы облыстық «Социалистік құрылыс» (қазіргі «Атырау») газеті бас редакторының бірінші орынбасары, ұлт руханиятының өкілі – Шөпенғали Дәуеновтің құрметіне арнайы медиа мектеп ашылды.
“Рахымжан Отарбаев Руханият Қоры” республикалық ғылыми-практикалық конференциясы аясында Мақат ауданына іс сапармен келді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Атыраудағы Достық үйінде Масленица мерекесінің салтанаты өтті,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Жас пен кәрі әлі күнге дейін сүйсіне тамашалайтын Абдолла Қарсақбаевтың атақты «Алты жасар Алпамыс» кинофильмі көрерменін ешқашан жалықтырған емес. Жарық көргеніне қанша жыл болса да сол алты жастағы Алпамыс əлі күнге дейін мектеп жасындағы балалар мен барша көрерменнің сүйікті кейіпкері деуге болады.
Жылыой ауданындағы “Қасиет” өнер студиясы Дубайда өткен “NURLY FEST” халықаралық байқауына қатысып, елге үлкен жетістікпен оралды. Өнерпаздарымыз бұл додада Бас жүлде мен бірінші орынды жеңіп алып, ел намысын абыроймен қорғады.
Махамбет ауданы Сарытоғай ауылында 200 орындық мәдениет үйі пайдалануға берілді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Астана қаласында өткен Халықаралық “Шаг Вперед” би байқауында Доссор мәдениет үйінің “Еркем-ай” үлгілі би ансамблі өнер көрсетіп, аудан абыройын асқақтатты, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
"Теңіз Жастары" құрама командасы “Jaidarman Juniors” республикалық эфирлі телевизиялық жоғары лигасына жолдама алды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
21 ақпан – Халықаралық ана тілі күніне орай Атырау облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен, әртүрлі ұлт өкілдерінің қатысуымен “Өнер Fest” мәдени фестивалі өтті. Шара барысында түрлі этнос өкілдері ұлттық әндер шырқап, дәстүрлі билерін билеп, халық өнерін паш етті, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.