Денсаулық

Ақпан қан тапсыру айы деп жарияланды

Ақпан қан тапсыру айы деп жарияланды

Жалпыұлттық әлеуметтік бастамаларды қолдау аясында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ақпан айын – өтеусіз қан донорлығы айы деп жариялады,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Санитариялық талаптарды бұзған: 103 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Санитариялық талаптарды бұзған: 103 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Былтыр Атырау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне 1300-ден астам арыз-шағым түскен. Арыз-шағымдардың басым бөлігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, экология және қоғамдық тамақтану салаларына қатысты болған. Бұл туралы облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Искакова мәлім етті, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бір балаға 63 мың рет дәрі жазылған: МӘМС жүйесіндегі балаларға қатысты заңбұзушылықтар

Бір балаға 63 мың рет дәрі жазылған: МӘМС жүйесіндегі балаларға қатысты заңбұзушылықтар

Балаларға арналған дәрі-дәрмектерді жалған тіркеудің ондаған мың фактісі анықталды, деп хабарлайды AtyrauPress. Қаржы министрлігі ұсынған деректерге сәйкес, балаларға арналған дәрілік заттарды жүйелі түрде жалған есептен шығарудың 68 717 жағдайы тіркелген. Мәселен, Жетісу облысында екі балаға димексид препараты 126 мың рет жазылған. Яғни әр балаға шамамен 63 мың реттен дәрі тағайындалған болып шыққан. Ал Астанадағы балалар ауруханасында бір тәулікке жетпейтін уақытта жатқан пациенттерге 88 мың бірлік дәрі-дәрмек есептен шығарылған 179 жағдай анықталған. Айта кетейік, Үкімет бұл фактілерді медициналық қаржыландыру жүйесін түбегейлі қайта қарауға негіз болатынын мәлімдеді. Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ.

Ер адамдарға жатыр мойны обырына скрининг жасаған: медицинадағы ақылға сыймас деректер белгілі болды

Ер адамдарға жатыр мойны обырына скрининг жасаған: медицинадағы ақылға сыймас деректер белгілі болды

Қазақстанда МӘМС аясында пациенттің жынысына сәйкес келмейтін жүздеген мың медициналық қызмет көрсетілген, деп хабарлайды AtyrauPress.Қаржы министрлігі жүргізген аудит нәтижесінде 1,8 млрд теңгеге 769 446 жалған скрининг тіркелгені анықталды. Оның ішінде 768 827 ер адам әйелдерге арналған жатыр мойны обырына тексеруден өткен деп көрсетілген.Сонымен қатар 619 ер адамға маммография жасалғаны жөнінде мәліметтер тіркелген. Мұндай деректердің бір аудандық аурухананың өзінде 11 мыңнан астамы анықталған.Мамандар бұл жағдай медициналық ақпараттық жүйелердің әлсіздігін және бақылаудың жеткіліксіздігін көрсететінін айтады. Айта кетейік, Үкімет бұл олқылықтарды жою үшін МӘМС жүйесіне қатаң бақылау орнатуды жоспарлап отыр. Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ.

МӘМС-тегі былық: Үкімет жеке клиникалардан миллиардтаған заңбұзушылық тапты

МӘМС-тегі былық: Үкімет жеке клиникалардан миллиардтаған заңбұзушылық тапты

Үкімет жеке медицина ұйымдарды қаржыландыру кезінде жүйелі заңбұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды AtyrauPress.Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасымен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметіне жүргізілген Қаржы министрлігінің талдауы барысында белгілі болды. Талдау нәтижесін Қаржы министрі Мәди Такиев Үкімет отырысында баяндап, бюджет шығындарының өсуіне қарамастан, қор жұмысының тиімділігі артпағанын айтты. 2026 жылы МӘМС пен медицинаға бөлінетін қаржы 2,4 трлн теңгеге жетпек. Алайда қаражаттың едәуір бөлігі медициналық қызметке емес, қор активтерінде жинақталып отырғаны анықталған. Сонымен қатар IT-аудит барысында жалған пациенттерді тіркеу, қайтыс болған адамдарға қызмет көрсету, бір қызметті екі рет қаржыландыру сияқты өрескел фактілер әшкереленді. Айта кетейік, Премьер-министр Олжас Бектенов ӘМСҚ-ны Қаржы министрлігінің басқаруына беру жөнінде тапсырма берді. Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ.

Атырауда енді 14 мыңнан астам осал топтағы азамат МӘМС арқылы ем ала алады

Атырауда енді 14 мыңнан астам осал топтағы азамат МӘМС арқылы ем ала алады

Елімізде биылдан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіруге бағытталған өзгерістер басталды. Әсіресе, әлеуметтік осал топтағы азаматтарды сақтандырумен қамту мәселесіне басымдық берілуде. Осы жаңашылдықтар жайында AtyrauPress тілшісі Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Атырау облысы бойынша филиалының директоры Әсел Нұғмановамен сұхбаттасқан еді. - Әсел Жалғасқызы, бүгінде Атырау облысында МӘМС жүйесіне халықтың қамтылу деңгейі қандай? - Қазіргі таңда Атырау облысында 630 550 адам, яғни халықтың 89,3 пайызы МӘМС жүйесінде сақтандырылған. Оның ішінде 440 мыңға жуық тұрғын жеңілдік санатына жатады, олардың сақтандыру жарнасын мемлекет төлеп отыр. Бұл - әлеуметтік саясаттың нақты нәтижесі. - Сақтандырылмаған азаматтар да бар екені белгілі. Бұл мәселе қалай шешіледі?- Иә, өкінішке қарай, өңірде 89 684 адам МӘМС жүйесінен тыс қалып отыр. Соның ішінде 14 мыңнан астамы әлеуметтік осал D және E санатындағы азаматтар. Қабылданып жатқан реформалар дәл осы топты қолдауға бағытталған. - Жаңа өзгерістердің басты ерекшелігі неде - Ең маңызды жаңалық - 2026 жылдан бастап D және E санатындағы азаматтар медициналық көмекке жүгінсе, олардың МӘМС жарнасын жергілікті атқарушы органдар төлейтін болады. Яғни, адам алдымен медициналық көмек алады, ал сақтандыру жарнасы кейін бюджет есебінен өтеледі. Бұл - халық үшін ең қолайлы әрі әділ механизм. - Бұл тетік нақты қалай жұмыс істейді? -Мысалмен айтсақ, Атырау облысында цифрлық отбасылық карта деректері бойынша 24 952 адам осы санатқа кіреді. Айталық, қаңтар айында олардың 2000-ы медициналық көмекке жүгінді делік. Онда ақпан айынан бастап жыл соңына дейін сол 2000 адам үшін жергілікті бюджеттен МӘМС жарнасы төленеді. Бұл тәсіл медициналық көмекті кешіктірмей алуға мүмкіндік береді. - МӘМС жүйесінде медициналық қызмет сапасын бақылау қалай өзгерді?- Қазір Қор жұмысы толық цифрландырылды. «Saqtandyrý» жүйесі негізінде жасанды интеллектке сүйенген мониторинг енгізілді.Бұл жүйе медициналық қызмет көрсету барысында кеткен кемшіліктерді автоматты түрде анықтайды, адам факторын азайтады және шешім қабылдауда ашықтықты қамтамасыз етеді. - Медициналық ұйымдар үшін бұл жүйе қаншалықты әділ? - Жаңа модельде экстерриториялық қағида бар. Яғни, бір өңірдегі медициналық ұйымға қатысты мәселені басқа облыстың тәуелсіз сарапшылары қарайды. Сонымен қатар, үш деңгейлі апелляция жүйесі енгізілген. Медициналық ұйымдар өз уәжін дәлелдеп, қарсылық білдіре алады. - Атырау облысында МӘМС жүйесінде қанша медициналық ұйым қызмет көрсетеді? - 2025 жылы өңірде 79 медициналық ұйыммен келісімшарт жасалды. Оның 34-і – мемлекеттік, 45-і – жекеменшік клиника. Бұл тұрғындарға емдеу мекемесін таңдауға мүмкіндік беріп, қызмет сапасы бойынша бәсекелестікті арттырды. Біз үшін басты өлшем – ұйымның меншік нысаны емес, көрсетілетін қызметтің сапасы.- Соңында тұрғындарға айтар басты кеңесіңіз? - Әр азамат өзінің МӘМС жүйесіндегі мәртебесін тексеріп отырғаны жөн. Егер сұрақтар туындаса, Қордың өңірлік филиалдары әрдайым кеңес беруге дайын. Жүйедегі өзгерістердің барлығы - халықтың денсаулығын қорғауға бағытталған.   Сұхбаттасқан - Серікібол ПАНАБЕРДИЕВ.

Атырауда дау туған №4 қалалық емханаға қатысты басқарма түсініктеме берді

Атырауда дау туған №4 қалалық емханаға қатысты басқарма түсініктеме берді

Атырау қаласындағы №4 қалалық емханаға қатысты әлеуметтік желілер мен мемлекеттік органдарға жолданған шағым қоғамда қызу талқылауға себеп болды, деп хабарлайды AtyrauPress. Өзін дәрігерлер мен медбикелерміз деп таныстырған қызметкерлер емхана басшылығының жұмысына қатысты бірқатар айып таққан екен. Шағымда бас дәрігер Төлеген Бауыржан Дүйсебайұлының қызметіне байланысты туысқандылық, жерлестік және фаворитизм белгілері бар екені, кадрлық тағайындаулардың кәсіби талаптарға сай еместігі айтылған. Сонымен қатар скринингтік тексерулер барысында деректердің бұрмалануы, медициналық құжаттардың қолдан жасалуы, бюджет қаражатының мақсатсыз пайдаланылуы, ғимараттарды жалға алу кезінде күмәнді қаржылық айырмашылықтардың болуы секілді фактілер көрсетілген. Арыз иелерінің мәлімдеуінше, медбикелер заңсыз әрекеттерге мәжбүрленген, ал кейбір талдаулар пациенттердің хабарынсыз жүргізілген. Бұдан бөлек, мүгедектікті заңсыз рәсімдеу деректері де болғаны айтылып, бұл бойынша нақты адамдардың аты-жөні көрсетілген. Қызметкерлер қысымнан қауіптеніп, анонимділікті сақтауға мәжбүр екенін жеткізген. Аталған жағдайларға байланысты Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармасы ресми түсініктеме берді. Басқарма әлеуметтік желілерде тараған ақпаратты қарап шыққанын мәлімдеп, скрининг деректерін бұрмалау және құжаттарды қолдан жасау фактілері расталмағанын хабарлады. Дегенмен, тексеру барысында анықталған жекелеген заңбұзушылықтар бойынша тиісті шаралар қабылданған. Кадрлық мәселелерге қатысты басқарма бас дәрігердің орынбасарлары бұрынғы басшылық кезінде тағайындалғанын және олардың кәсіби тәжірибесі ескеріліп, қызметте қалғанын атап өтті. Ал мүгедектікті заңсыз рәсімдеу фактілері бойынша емхана әкімшілігі құқықтық сипаттағы шаралар қабылдап, материалдарды Атырау облысы Полиция департаменті мен прокуратура органдарына жолдаған. Қазіргі уақытта уәкілетті органдар заң аясында тексеру жүргізіп жатыр. Денсаулық сақтау басқармасы медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігі тұрақты бақылауда екенін айтып, тұрғындарды тексерілмеген ақпаратқа сенбеуге шақырды. Сонымен бірге, емхана қызметкерлерінің көтерген мәселелері қоғамда мемлекеттік медициналық ұйымдардағы басқару сапасы, ашықтық пен жауапкершілік мәселесін қайта күн тәртібіне шығарды. Құзырлы органдардың тексеру нәтижелері бұл даулы жағдайға нақты құқықтық баға беруге мүмкіндік бермек.   Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ.

Атырауда ЖРВИ күшейді: инфекциялық ауруханадағылпрдың басымы - балалар

Атырауда ЖРВИ күшейді: инфекциялық ауруханадағылпрдың басымы - балалар

Атырау облыстық инфекциялық ауруханасында жедел респираторлық вирустық инфекцияға шалдыққан 60 науқас стационарлық ем қабылдауда. Олардың 49-ы — балалар, 11-і — ересек тұрғындар.Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өңірдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты бақылауда. Барлық медициналық ұйымдар дәрі-дәрмек қорымен толық қамтамасыз етілген, ал сырқаттанушылыққа күн сайын мониторинг жүргізіліп отыр. Қазіргі уақытта дәрігерлер науқастарға қажетті ем-шараларды толық көлемде көрсетуде. Пациенттердің жағдайы тұрақты, барлығы медициналық бақылауда. Мамандар тұрғындарды сақтық шараларын ұстануға шақырады. Атап айтқанда, жеке бас гигиенасын сақтау, адам көп жиналатын орындарда сақ болу, қауіпсіз ауызсуды пайдалану, иммунитетті нығайту және ауру белгілері байқалған жағдайда дер кезінде медициналық көмекке жүгіну маңызды.   Денсаулық сақтау басқармасы тұрғындарды сабыр сақтап, дәрігерлердің ұсынымдарын орындауға үндейді.

2026 жылы дәрігерлер мен жедел жәрдем қызметкерлерінің жалақысы көтеріледі

2026 жылы дәрігерлер мен жедел жәрдем қызметкерлерінің жалақысы көтеріледі

2026 жылдан бастап Қазақстанда медицина қызметкерлерінің еңбек ақысы өседі, деп хабарлайды AtyrauPress. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев мәлімдеді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша тарифтік саясат қайта қаралып, босандыру және педиатрия тарифтері көтерілді. Сонымен қатар, инфекциялық қызмет пен жедел медициналық жәрдем қызметкерлерінің жалақысы да артады.Аталған шаралар дәрігерлер мен орта медициналық персоналды ынталандыруға, олардың тапшылығын азайтуға бағытталған. Айта кетейік, 2025 жылы медицина саласына жұмсалатын мемлекеттік шығындар үш есеге жуық өсіп, 3 трлн теңгеге жетті, бұл жалақыны көтеруге және инфрақұрылымды жаңғыртуға мүмкіндік берді.

Атырауда туберкулездің таралуы төмендеген

Атырауда туберкулездің таралуы төмендеген

2025 жылдың 11 айының қорытындысы Атырау облысында туберкулезге қарсы күрес бағытындағы жұмыстардың тиімділігін айқын көрсетті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.