Атырау облыстық перинаталдық орталығында күрделі хирургиялық операция сәтті өтті, деп хабарлайды АtyrauРress тілшісі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, науқас ұзақ уақыт бойы іштің ұлғаюына, ауырсыну мен ыңғайсыздыққа шағымданған. Медициналық тексеруден кейін оған 3 кг миома бар деген диагноз қойылды. Науқастың жағдайын ескере отырып, лапаротомиялық операция жасау туралы шешім қабылданды. Хирургтар миоманы сәтті алып тастады. Науқастың денсаулығына қауіп жоқ.
"Операция сәтті өтті, науқастың жағдайы жақсы, қазіргі уақытта ол оңалту кезеңінен өтуде. Мұндай үлкен миомалар сирек кездеседі, бірақ уақытылы емделмеген жағдайда ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін. Дәрігерлер әйелдерге денсаулығын мұқият қадағалап, үнемі медициналық тексеруден өтуге кеңес береді", - деп атап өтті орталық дәрігерлері.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ