Республикалық қаржылық қауіпсіздік диктанты өтеді

10–20 қазан аралығында елімізде республикалық қаржылық қауіпсіздік диктанты өтуде, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Диктанттың мақсаты – азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру және алаяқтықтың түрлі түрлерінен қорғануды үйрету.

Қатысу үшін https://amlacademy.kz/finiq сайтына кіріп, өзіңізге сәйкес деңгейді таңдаңыз:

– мектеп оқушылары (7–11 сыныптар),

– ересектер (студенттер, мемлекеттік қызметкерлер, зейнеткерлер және т.б.),

– қаржылық мониторинг субъектілері.

20 сұраққа 25 минут беріледі.

80% және одан жоғары нәтиже көрсеткендерге цифрлық сертификат пен бағалы сыйлықтар табысталады.

Диктант нәтижелері 22 қазанға дейін жарияланып, үздіктер 22–25 қазан аралығында марапатталады.

Жоба «Қарызсыз қоғам» және «Халық банк Қазақстан» АҚ серіктестігімен жүзеге асырылады.