Қоғамдық бақылау заң бұзуды білдірмейді

Жолдауда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев заң үстемдігін қамтамасыз ету мен азаматтардың құқықтарын қорғау мәселесін басты бағыттардың бірі ретінде ерекше атап өтті.

Президенттің айтуынша, әділдік пен құқықтық теңдік – кез келген дамыған қоғамның іргетасы. Заң тек қағаз жүзінде емес, іс жүзінде де барлығына бірдей әрі әділ түрде қолданылуы тиіс. Бұл – ел ішіндегі әлеуметтік тұрақтылықтың, азаматтардың мемлекетке деген сенімінің және жалпы құқықтық мәдениеттің негізі.

Президенттің бұл мәлімдемесі құқық қорғау жүйесіне үлкен жауапкершілік жүктейді. Себебі қоғамдағы әділеттілік деңгейі – ең алдымен полиция, прокуратура және сот жүйесінің жұмысына тікелей байланысты. Заңның шынайы үстемдігін орнату үшін осы құрылымдардың тәуелсіздігі, кәсібилігі мен ашықтығы қамтамасыз етілуі қажет. Құқық қорғау органдары мен соттар азаматтардың құқығын бұзбай, қысымсыз және ықпалсыз жұмыс істеуі – реформаның басты талабы.

Сонымен қатар, халық арасында құқықтық мәдениетті арттыру да аса маңызды. Азаматтардың өз құқықтары мен міндеттерін білуі, заңды жолмен қорғана алуы – әділетті қоғамның қалыптасуына негіз болады. Бұл үшін құқықтық сауаттылықты мектептен бастап қалыптастыру, ақпараттық қолжетімділікті арттыру қажет.

Жалпы алғанда, Тоқаевтың заң мен тәртіпке қатысты айтқан міндеттері – елімізді нағыз құқықтық мемлекетке айналдыру жолындағы маңызды әрі өзекті бастамалар. Ендігі маңыздысы – бұл сөздердің нақты іске асуы мен қоғам тарапынан бақылаудың күшеюі. Тек сонда ғана азаматтар заң мен мемлекетті шын мәнінде өздерінің қорғаны ретінде қабылдайды. Бірақ, қоғамдық бақылау дегенде, құқыққорғау орындарының ішкі жұмысына араласып, әпербандық таныту емес. Біреуден заңның орындалуын талап ете тұрып, өзіміз заң бұзушылыққа бармауымыз керек! Себебі, бір іс екіншісіне кедергі келтімегені дұрыс болады. Осы жеде Заң мен Тәртіп шын мәнінде салтанат құруы деген қағидат алға шығады!

Гулназ Имирова "Пәрвәз" ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрағасы