Атырауда әлеуметтік көмек жүйесін трансформациялау мақсатында бірыңғай цифрлық платформа енгізіледі

Бұл туралы облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Полымбет Хасановтың төрағалығымен өткен семинар-кеңесте айтылды, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жиынға аймаққа іс-сапармен келген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кеңесшісі Фарида Сағындық пен жұмыс тобы қатысты. Олар барлық басқармаға қарасты ұйымдармен кездесіп, платформаны енгізу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізбек. 

- Облыста бұл істі үйлестіру үшін арнайы жұмыс тобы құрылды. Бірыңғай цифрлық платформаға енгізілетін 400-ге жуық мекеменің тізбесі жасақталып, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ұсынылды. Барлық ұйым HR.enbek.kz порталына өз мәліметтерін енгізуді бастап кетті,- деді П.Хасанов.

Цифрлық платформа әлеуметтік қолдауды әділ әрі тиімді бөлуге, яғни категориялық емес, нақты қажеттілікке негізделген жүйеге көшуге мүмкіндік береді.