Қазақстанның оңтүстігі мен батысында шаңды дауыл тұрып, шығысында қар жауады

Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылдың 05-06 қазанда күтілетін қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша дауылды ескертулер

Дауылды ескерту сақталады:

05 қазанда Алматы облысының таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде 1-3 градус үсік күтіледі.

Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

05-06 қазанда Ақтөбе облысының оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе қ.: 04-06 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.

Дауылды ескерулер күтіледі:

05 қазанда Түркістан облысының солтүстігінде, батысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.

Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкент қ.: 05 қазанда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Түркістан қ.: 05 қазанда кей уақыттарда шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Төтенше өрт қаупі сақталады.

05 қазанда күндіз Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с күтіледі.

Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда қ.: 05 қазанда күндіз шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

 05 қазанда Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында 1-3 градус үсік күтіледі.

Талдықорған қ.: 05 қазанда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түнде 1-3 градус үсік күтіледі.

 05 қазанда Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

05 қазанда Алматы облысыңда солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз  облыстың  онтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

05 қазанда Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Облыстың батысында, солтүстігіндеорталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Орал қ.: 05 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.

05 қазанда күндіз Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау қ.: 05 қазанда күндіз шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан  жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

Төтенше өрт қаупі сақталады.

05 қазанда күндіз Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Облыстың батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.  

Ақтау қ.: 05 қазанда күндіз шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Жоғары өрт қаупі сақталады.

05 қазанда түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.

05 қазанда түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты қар күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.                                                                             

05 қазанда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батыстан оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

05 қазанда Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.  

05 қазанда Ұлытау облысының шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Фото freepik