Марафонды Атырау облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы мен облыстық жеңіл атлетика федерациясы ұйымдастырады.
Жүгіру бағдарламасында қатысушылар 5 км, 10 км, 21 км және 42 км қашықтықты еңсереді. Жалпы жүлде қоры – 7 млн теңге. Жарыс тек спорттық шара ғана емес, нағыз Спорт мерекесіне айналуы үшін барлық қалалық және коммуналдық қызметтер іске қосылады. Сондай-ақ 400 ерікті мен төреші қатысады.
Қазақстанның барлық өңірлерінен, жақын және алыс шетелден шамамен 3000 адам қатысуы жоспарлануда.
Барлық қатысушыларға сәттілік пен «жеңіл аяқ» тілейміз!



