Атырауда қоғамдық көлік бағыттарының желісі кеңейтіледі, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Атырауда
Іс-шараны Атырау облыстық бас редакторлар клубы қоғамдық бірлестігі жаңа Конституцияны қабылдауға байланысты 15 наурызда өтетін Бүкілхалықтық референдум қарсаңында ұйымдастырды.
1 наурыз – Алғыс айту күніне орай Атырау облысында 24 нәресте өмірге келді. Оның ішінде 10-ы – ұл, 14-і – қыз бала. Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келген бұл қуанышты жаңалық өңір тұрғындары үшін ерекше мәнге ие болды, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Алғыс айту күніне орай Атырау қалалық ардагерлер кеңесі қарттар мен мүгедектігі бар жандарға арналған интернат-үйге барып, мекеме қызметкерлері мен тұрғындарын мерекемен құттықтады.
Өңірде геосинтетикалық материалдардың өндірісі қарқын алды. Мұнда жол және өнеркәсіп нысандарын салуда қолданылатын берік тоқылған геополотно шығарылады.
Атырау облысында сот Құрманғазы ауданының тұрғынын әйел адамды заңсыз қудалағаны үшін жауапқа тартты. Бұл — 2025 жылы күшіне енген Қылмыстық кодекстің «Сталкинг» бабы алғаш рет қолданылған істердің бірі, деп хабарлайды AtyrauPress.
Атырау қаласының Алмагүл шағынауданында 9 қабатты тұрғын үйдің 2-қабатындағы подъезде электр сымдарының қысқа тұйықталуы болып, нәтижесінде 2 және 3 қабаттағы электр қораптары өртенді.
Атырау облысында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында білім беру саласы қызметкерлеріне арналған құқықтық түсіндіру жиыны өтті. Іс-шарада заң үстемдігін нығайту, құқықтық тәртіпті сақтау және кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелерін талқыланды, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
2024 жылы облыс әкімі Серік Шәпкеновтің бұйрығымен құрылған ұлттық спорт клубында халықаралық дәрежедегі екі спорт шебері, 21 спорт шебері және 70 спорт шеберіне үміткер жаттығады. Мұнда жасөспірімдер, жастар мен ересектер қазақ күресі, садақ ату, асық ату, бәйге, аударыспақ, тоғызқұмалақ және жекпе-жек бойынша дайындалады,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Атырау облысы әкімінің өкімімен Атырау облысы Цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы лауазымына Марлен Қасенов тағайындалды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Өңірлік кадр резервінің мүшесі Меденов Саян Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Атырау облысында жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының ұзындығы 6464,1 шақырымды құрайды. Осы жолдарды қыс мезгілінде күтіп ұстау айрықша бақылауға алынған,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
