Атырауда

Атырау облысында Ұлыстың ұлы күніне орай мыңға жуық іс-шара ұйымдастырылды

Атырау облысында Ұлыстың ұлы күніне орай мыңға жуық іс-шара ұйымдастырылды

22 наурыз - Ұлыстың ұлы күнінде Исатай-Махамбет алаңында  15 киіз үй тігілді. Мейрамды тойлауға жиналғандар наурыз көже ішіп, ұлттық тағамдардан дәм татты. Сондай-ақ қазақтың салт-дәстүрі дәріптеліп, ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Наурыз тойына қатысқан аймақ басшысы Серік Шәпкенов киіз үйлерді аралап, қала тұрғындарын әз-Наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. 

Атыраудың атақты ақсақалы Наурыз-бата берді

Атыраудың атақты ақсақалы Наурыз-бата берді

Атыраудың атақты батагөй ақсақалы, спорт саласының ардагері Ақмырза Батырқайыров қазақтың атадан балаға аманатталып келе жатқан салт-дәстүрі мен ұлағат сөздері бүгінде ұмытылып барады деп алаңдаулы. Мереке қарсаңында ақсақалдың алдына Наурыз-бата сұрай барған біз оның әсерлі әңгімесіне қанық болдық, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

ҰЛТТЫҚ СПОРТ КҮНІ: Атырауда асық жинайтын ұстаз тұрады...

ҰЛТТЫҚ СПОРТ КҮНІ: Атырауда асық жинайтын ұстаз тұрады...

Бүгін, яғни, 20 наурыз – Ұлттық спорт күні. Осы орайда, мектеп табалдырығын аттап келген бүлдіршіндерге әріп үйретумен қатар, қазақтың ұлттық асық ойынын дәріптеп жүрген Қ.Сәтпаев атындағы №19 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Эльвира Ақбатырова туралы әңгімелемекпіз, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.  

Биыл Жұлдыз-2 ауылының балалары жайлы мектепке барады

Биыл Жұлдыз-2 ауылының балалары жайлы мектепке барады

Атырау қаласына қарасты Жұлдыз-2 ауылында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында оқу ордасы салынып жатыр. Мектептің құрылысы аяқталған соң онда бір ауысымда 900 оқушы білім алады. Бас мердігер «Каспийская кадровая ассоциация» ЖШС. Ал тапсырыс беруші –«Samruk Kazyna Construction» акционерік қоғамы.

Х.Досмұхамедов университетінің ұжымы мен студенттері Жаңару күнінде ағаш көшеттерін екті

Х.Досмұхамедов университетінің ұжымы мен студенттері Жаңару күнінде ағаш көшеттерін екті

19 наурыз – Жаңару күні. Бұл мезгілде табиғат түрленіп, тіршілік қайта жанданады. Осыған орай, Х.Досмұхамедов университетінің ұжымы мен студент жастары жұмыла ағаш отырғызды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Атырауда жол апатынан соң емделмеген науқасқа күрделі ота жасалды

Атырауда жол апатынан соң емделмеген науқасқа күрделі ота жасалды

Атырау облыстық ауруханасында жағдайы өте ауыр 40 жастағы азаматқа күрделі ота жасалды. Оның өмірін сақтап қалу үшін ұйқы безінің бір бөлігі алып тасталды. Мұндай ота облыстық ауруханада алғаш рет жасалды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.