Атырауда

АМӨЗ-де «Таза әлем» экоакциясы өтті

АМӨЗ-де «Таза әлем» экоакциясы өтті

Наурыз – тазару мен жаңару мерекесі. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Атырау мұнай өңдеу зауытының жұмысшылары арасында «Таза әлем» экоакциясы ұйымдастырылды.  Іс-шараның мақсаты – ұжымның ауызбіршілігін, ұйымшылдығын арттырып, командалық рухты нығайту. Күн райының қолайсыздығына қарамастан, көңілді әуеннің ырғағымен жұмысқа кіріскен 250-ге жуық зауыттық кеңселер мен технологиялық қондырғылар аумағын тазартып, 48 текше метреден астам қоқыс жинады. Оның 18 текше метрі мердігер компаниямен полигонға жөнелтілсе, қалған бөлігі алдағы жұмыс аптасы ішінде шығарылады. Экологиялық акцияға 1 самосвал, 1 жүктиегіш және 1 қоқыс тасығыш техника жұмылдырылды. Іс-шара соңында қатысушыларға ыстық тамақ таратылды.  Зауыттықтар үшін сенбілікке қатысу тек жақсы дәстүр ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік жауапкершіліктің маңызды бөлшегі саналады.  «АМӨЗ» ЖШС  қоршаған ортаны қорғау және жақсартуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруды жалғастыратын болады.

Атыраулық полицей Ішкі істер министрлігінің

Атыраулық полицей Ішкі істер министрлігінің "Сақшы аруы - 2024" жүлдесін жеңіп алды

Бүгінде қала тыныштығын күзеткен, жаны нәзік болғанымен, мойнына ауыр жүк арқалаған полицейлер қатарында Ботагөз Дюсенгалиева да бар. Жастығына қарамастан полиция аға лейтенанты шенін алған Ботагөз нәзік болмысын қайсар іске арнаған, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Атырау музейінде сурет көрмесі өтті

Атырау музейінде сурет көрмесі өтті

Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және сәндік-қолданбалы өнер музейінде «Кенептегі көктем лебі» тақырыбында сурет көрмесі өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Тамара Дүйсенова Атырау студенттерімен және оқытушыларымен кездесті

Тамара Дүйсенова Атырау студенттерімен және оқытушыларымен кездесті

Атырау облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова өңірдің бірқатар білім беру мекемелерінде болып, аймақтық әдістемелік орталық жұмысымен танысты.