Атырауда

Қар тазалау жұмыстары жалғасуда

Қар тазалау жұмыстары жалғасуда

Атырау қаласында қар тазалау жұмыстары жалғасуда. Осы уақытқа дейін 10 660 текше метр қар шығарылса, қазіргі уақытта 105 техника жұмысты жалғастыруда. Соның ішінде 22 тиеу техникасы, 65 жүк көлігі (самосвал) және 5 автогрейдер бар. Бұл туралы «Арнаулы автобаза» ЖШС-нің қала тазалығы бойынша басқарма басшысы Күланда Әжіғалиева мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.