Сауд Арабиясының Джидда қаласында өткен Испания Суперкубогының финалында «Барселона» мадридтік «Реалды» 3:2 есебімен жеңіп, трофейді қатарынан екінші жыл иеленді, деп хабарлайды AtyrauPress. Ойын тартысты өтті. Каталондықтардың сапынан Рафинья 36 және 73-минуттарда мергендік танытса, «Реал» сапынан Винисиус 45+2-минутта есеп ашты. Ал алғашқы таймның қосымша минуттарында Левандовский (45+4) мен Гарсия (45+6) бір-бір голдан соғып, матчтың тағдырын шешті.Айта кетейік, Испания Суперкубогы соңғы жылдары Сауд Арабиясында өтіп келеді. «Барселона» бұл жеңісі арқылы маусымды маңызды жүлдемен бастап, «Реалға» қарсы принципиалды текетіресте тағы бір мәрте басым түсті. Сурет Казспорттан алынды
Спорт
Қазақстанның екінші, әлемнің 106-ракеткасы Александр Шевченко Аделаида (Аустралия) АТР 250 турнирі іріктеу сайысының финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі Қазақстан ерлер құрамасының жаңа бас бапкерінің есімін жариялады.
Реконструкциядан кейін Атыраудағы спорт нысаны сегіз мыңнан астам көрерменді қабылдай алады. Қазір стадионның жобалық-сметалық құжаты толық аяқталды. Жоба аясында қолданыстағы үш трибуна бұзылып, олардың орнына заманауи жаңа мінберлер салынады, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялср қызметі.
Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер спортын қаржыландыру көлемі айтарлықтай өседі, деп хабарлайды AtyrauPress.
Атырау қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында тұрғындардың ұсынысымен салынған жаңа ойын және спорт алаңдары пайдалануға берілді, деп хабарлайды AtyrauPress.
Атырауда облыстық парадзюдо федерациясының 2025 жылғы спорттық маусымын қорытындылауға арналған салтанатты кеш өтті.
Атырау облысында спорт пен туризм саласының дамуына елеулі үлес қосқан үздіктер марапатталды. «Жыл үздігі – 2025» салтанатты рәсімінде үздік спортшылар, жаттықтырушылар және туристік сала өкілдеріне құрмет көрсетілді, деп хабарлайды AtyrauPress. Іс-шараға Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов қатысып, өңірде спорт инфрақұрылымы жыл сайын кеңейіп, туризм саласының әлеуеті артып келе жатқанын атап өтті. Аймақ басшысы бұл жетістіктер – сала мамандарының тынымсыз еңбегінің нәтижесі екенін айтты. Жыл қорытындысы бойынша халықаралық және Азия деңгейіндегі жарыстарда жоғары нәтиже көрсеткен спортшылар мен олардың бапкерлері, сондай-ақ туристік индустрияны дамытуға үлес қосқан бірқатар азамат марапатталды. Оларға Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары, Дене шынықтыру және спорт істері комитеті мен Туристік индустрия комитеті төрағаларының, сондай-ақ облыс әкімінің Алғыс хаттары табысталды. Сонымен қатар отандық туризмнің сапасын арттыруға қосқан үлесі үшін бірқатар нысан мен өкілдерге «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ-ның «САПА» айрықша белгісі тапсырылды. Салтанатты рәсім сала үздіктеріне деген ризашылық пен қолдаудың айқын көрінісіне айналды.
В Атырау прошёл турнир по мини-футболу, посвящённый 100-летию ветерана Великой Отечественной войны, полковника в отставке Максута Аязбаева. Он всю жизнь служил в органах национальной безопасности и проявил героизм на фронте, за что награждён орденом Красной Звезды и медалями. Состязания проходят в спортивном комплексе «Жайык» Атырауского университета имени Х. Досмухамедова в рамках мероприятий, посвящённых 80-летию Победы. По словам Романа Максутова, председателя атырауского филиала РОО «Ветераны органов КНБ РК», турнир напоминает молодёжи о героизме дедов и отцов. В соревнованиях участвуют пять команд ветеранов силовых и правоохранительных структур региона. Игры проводятся по круговой системе, а по итогам турнира будут вручены награды в четырёх индивидуальных номинациях и кубки, медали и дипломы для команд-призёров.
Атырауда Ұлы Отан соғысы қатысушысы және ұлттық қауіпсіздік органдарының ардагері Мақсұт Аязбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай шағын футболдан турнир өтті, деп хабарлайды AtyrauPress. Бұл туралы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің «Жайық» спорт кешенінде ұйымдастырылған шарада жарияланды. Іс-шараның мақсаты – ардагердің өмір жолын өскелең ұрпаққа үлгі ету, патриоттық тәрбие беру және салауатты өмір салтын насихаттау. Турнирге Атырау облысындағы күштік құрылымдар мен ведомстволардың ардагерлер ұйымдары қатысты. Турнир барысында қатысушылар Мақсұт Аязбаевтың майдандағы және бейбіт өмірдегі ерліктерімен танысып, оның отансүйгіштік ұстанымын дәріптеді. Айта кетейік, шараға облыстық ҰҚК, ІІМ, Ұлттық ұлан, төтенше жағдайлар және қаржы мониторингі органдарының ардагерлері қатысып, турнир патриоттық мәні жоғары іс-шара ретінде ұйымдастырылды.
Бірлік ауылының тұрғыны Мерген Ғайниевтің таеквондодан Қазақстан Республикасының Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын алуы ат шаптырып сүйінші сұрар жаңалық. Себебі, еліміздің спорт шебері атанудың өзі үлкен абырой, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Доминикан Республикасының өкілі, WBC чемпионы Карлос Адамес қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлына қатысты күтпеген пікір білдірді, деп хабарлайды AtyrauPress.