Атыраулық оқушылар халықаралық додада топ жарды

Өзбекстан еліндегі Самарканд қаласында ағымдағы жылдың 22-23 наурыз күндері менталды арифметика бойынша Халықаралық Азия чемпионаты олимпиадасы өткен болатын, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Аталған Азия чемпионатына Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Ресей елінен барлығы 28 команда, 400-ге жуық оқушы қатысты. Аудан әкімдігі мәлім еткендей, жарыс қорытындысы негізінде Мақат ауданы бойынша “Wunderkind” интеллектуалды дамыту орталығынан қатысқан 23 оқушы жүлделі орындарға ие болды.

Сондай-ақ, дарынды оқушылардың ішінен жақсы көрсеткіш көрсеткен 5 оқушы Ресей елі Санкт Петербург қаласында өтетін Халықаралық олимпиадаға жолдама алды.

Аман ШАМАР