Қазақстан – Өзбекстанның негізгі сыртқы сауда серіктестерінің үштігінде

Қазақстанның Өзбекстан Республикасымен қарым-қатынасы көптен бері достық сипатта дамып келеді.

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен бейресми кездесу өткізіп, бұл пікір алмасудың өте жақсы мүмкіндігі екенін атап өтті.

Әрине, екі ел арасындағы қарым-қатынастың қалай қалыптасатыны Орталық Азия аймағындағы жағдайға айтарлықтай әсер етеді.
Біз, қарапайым халық, Қазақстанда тұрақты түрде өзбекстандық азаматтардың жұмыс істеп жатқанын көріп жүрміз. Қазақстандықтар бауырлас елден әкелінетін көкөністер мен жемістерді тұтынады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстан Өзбекстанның негізгі сыртқы сауда серіктестерінің үштігіне енді. Өзара тауар айналымының құрылымында Өзбекстан Қазақстанға 1,4 млрд доллар көлемінде тауар экспорттаған, ал импорт көлемі 2,8 млрд долларды құрады.

Бұған дейін Президент Шавкат Мирзиёев Өзбекстан Қазақстан және Тәжікстанмен шекарадан өту рәсімін жеңілдетуді жоспарлап отырғанын мәлімдеген еді. Сондай-ақ, Қазақстан Өзбекстанға жаңа теміржол бағытын тартуда. Мұның барлығы елдеріміздің ортақ мақсаттарға ие екенін, Орталық Азия өңірінің тұрақты әрі қауіпсіз дамуын қамтамасыз етуге ұмтылатынын көрсетеді.

Шавкат Мирзиёев бұл кездесу екіжақты байланыстарды нығайту үшін маңызды екенін атап өтті. Ол жеке қарым-қатынастардың арқасында көптеген мәселелер шешімін тауып жатқанын, «біз келіскен барлық нәрсе іске асып жатқанын» айтты. Мемлекет басшылары осындай кездесулер арқылы қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігін одан әрі тереңдетуге берік бейілділігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Ермекқали ЮСУПОВ,

«Ақ жол» партиясының Атырау филиалының төрағасы