Атырау облысының ішкі нарығына 2025 жылдың сәуір айына 7429 тонна сұйытылған мұнай газы бөлінді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Сонымен қатар, ішкі нарықтағы газ қажеттілігін қамтамасыз ету үшін Министрліктен қосымша 2000 тонна сұйытылған мұнай газы көлемі сұратылатын болады. Облыстық энергетика басқармасынан білгеніміздей, қала және аудандар бөлінісінде орналасқан 101 автогаз құю бекеттерінде сұйытылған мұнай газының аталған көлемі таратылуда. Бүгінгі күнге қалдық қоры жеткілікті және тапшылық жоқ.
Амандық АБДОЛ
Фото freepik