Атырау облысының 31 жастағы тұрғыны онлайн-банкинг арқылы тұрғындарға несие қаражатын қолма-қол алып беретінін айтып алаяқтық қылмысын жасаған.
Күдікті осындай жолмен 30 қылмыс жасап, тұрғындарға 80 млн теңгеге жуық шығын келтірген. Қазіргі таңда 31 жастағы күдіктіге қатысты алаяқтық дерегімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды. Өз кезегінде Атырау облысы полиция департаменті интернет-алаяқтардан сақ болуға және жеке мағлұматтарыңызды құпия ұстау керектігін ескертеді.