Жалғансайда жазғы су мәселесі шешілді

Махамбет ауданы Жалғансай ауылындағы жазғы су желісі 2017 жылы салынып, пайдалануға берілді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Жазғы сумен жабдыктау жүйелері тозып, қалқымалы су насостары істен шығуы және су тұтыну көлемі артып, қайта жаңғыртуды қажет етті.

Мәселені шешу үшін Жалғансай ауылындағы жазғы су құбырын жаңғырту 2024 жылы қыркүйек айында басталды. Бүгінгі күнде жөндеу жұмыстары аяқталып, 1275 тұрғынның техникалық суды пайдалану қызметі жақсарды.

Жалпы ұзындығы 16,3 шақырым су құбыры жүргізіліп, 2 дана қалқымалы сорғы станциясы орнатылды. Сумен жабдықтауға арналған Ø160 полиэтилен құбыры, SDR100 – 5,6 шақырым, Ø110 полиэтилен құбыры -10, 7 шақырым. Сорғы станциясының қуаттылығы 100 м3/сағ.

Мердігер мекеме - «TESS-PROJECT (ТЭСС-ПРОЕКТ)» ЖШС.

Амандық АБДОЛ