Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы Қазақстан Республикасы Конституциясының 93-бабын және «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі №151 Заңын басшылыққа ала отырып, елімізде қабылданған «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған мемлекеттік тұжырымдамасын» жүзеге асыру бағытында бірқатар жүйелі жұмыстар атқаруда.
Орталық Атырау облысы тұрғындарының мемлекеттік тіл – қазақ тілін, сондай-ақ ағылшын және орыс тілдерін еркін меңгеруіне жағдай жасау мақсатында, Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарына сәйкес тілді деңгейлеп оқытудың арнайы бағдарламасын, оқу құралын және лексикалық минимумын негізге ала отырып, қазақ тілін А1, А2, В1, В2 және С1 деңгейлері бойынша 120 сағаттық оқу бағдарламасымен оқыту курстарын жүргізеді. Сонымен қатар, 80 сағаттық ағылшын және орыс тілдерін оқыту курстары, 24 сағаттық «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу», «Көпшілік алдында сөйлеу мәдениеті және шешендік өнер», «Сөйлеу мәдениеті және іскерлік қарым-қатынас» секілді бағыттар бойынша да курстар ұйымдастырылады.
Бұдан бөлек, Орталық Атырау облыстық Білім беру басқармасына қарасты жалпы білім беретін орта мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Қазақ тілін оқыту: инновациялық әдістер мен тәжірибе», «Тілдерді оқытудың әдістемесі: жаңа бағыттар мен тиімді тәсілдер» атты 8 сағаттық біліктілік арттыру семинарларын да ақысыз негізде өткізеді.
Аталмыш оқыту курстары мен семинарлар бойынша ұжымдық өтініштер қабылданады. Қатысушылар саны 13 адамнан асқан жағдайда, Орталық мамандары мекемелерге барып өткізу мүмкіндігін қарастырады. Қызығушылық танытқан азаматтар Орталық кеңсесіне келіп немесе көрсетілген телефон нөмірлері арқылы толық ақпарат ала алады. Мекенжай: Атырау қаласы, Құрманғазы көшесі, 12Б, «Авангард» бизнес орталығы, 2-қабат. Байланыс телефондары: 8 (7122) 30-50-11, 8 702 634-58-45.
Н.Қайржанова,
Инновация және әдістемелік жұмыстар бөлімінің басшысы
Фото: ru.freepik.com