Бүгін «Таза Қазақстан» экологиялық фестиваліне қатысу аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елорданың «Жастар» паркінде экобелсенділермен бірге ағаш отырғызуы тегін емес.
«Таза Қазақстан» экологиялық фестивалінде сөз сөйлеген Мемлекет басшысы бірнеше рет тазалықты сақтау қоғам өмірінің ажырамас сапасына айналдыру қажеттігін атап өтті.
– Тазалық әр адамнан, әр үйден, әрбір көше мен әр қаладан басталуы керек. Өйткені «Таза Қазақстан», бұл – бір күндік науқан емес. Бұл – біздің өмір салтымыз. «Жас келсе – іске» деп халқымыз бекер айтпаған. Баршаңызды табиғатты қорғау идеясы біріктіріп отыр. Сіздер бәріңіз бірге істеп жатқан жұмыстың арқасында бұл игі бастама осындай үлкен қозғалысқа айналды. Ортақ іске күш жұмылдыру дегеніміз – осы, – деді Президент.
Біздің өңірімізде республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында түрлі мемлекеттік мекемелер мен жеке кәсіпорындардың қызметкерлері, шаруа қожалықтарының жұмысшылары, жастар, волонтерлік және үкіметтік емес ұйым мүшелері, сондай-ақ мәслихат депутаттары қатысқан көптеген іс-шаралар өткізіліп келеді, одан әрі жалғаса да бермек.
Жанар Төрениязқызы,
ҚХА Аналар кеңесінің төрағасы
Фото: Atpress.kz