Атырауда 17-19 сәуірде өткен волейболды отырып ойнаудан ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының кубогында жерлестеріміз үздіктер қатарынан көрінді. Додаға еліміздің бірнеше өңірінен сегіз команда қатысты, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Жарыс нәтижесінде Атырау-1 командасы жеңімпаз атанып, Қызылорда құрамасы екінші орынға ие болды. Ал Атырау-2 командасы үздік үштікті қорытындылады.
Осылайша, Атырау-1, Қызылорда және Атырау-2 топтары маусым айында Қытайда өтетін Азия чемпионатына жолдама алды.
Айта кетейік, Қазақстан кубогының екінші кезеңі қараша айында Астанада өтеді.