Индербор кентінде жаңа спорт кешенінің құрылысы жоспарлануда, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Индербор кенті Барлаушы мөлтек ауданында 136 адамға арналған спорт кешенінің құрылысы жоспарлануда. Аудан әкімдігінен білгеніміздей, жаңа спорт кешені футбол залы мен күреске арналған ангар залынан, ерлер мен айелдерге арналған киім ауыстыратын бөлмелерден, жаттықтырушыларға және дәрігерлерге арналған кабинеттерден тұрады.
Бұл жобаның мердігері болып ‘’AymarStoryServise’’ ЖШС анықталды. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың сәуір айында басталады деп жоспарлануда.
Амандық АБДОЛ