Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
"Жоспарланбаған, бақыланбайтын дала өрті әр жерлерде тұтанғандықтан жану ошағын табу қиын. Кез келген абайсыз от жел әсерінен тез таралып үлкен шығындарға әкеледі және оның салдары үлкен аумақты жойып жіберуі мүмкін. Атырау облысында 2025 жыл басталғалы 5 дала өрті тіркеліп, 2741 гектар аумақты алды. Ал даладағы құрғақ шөптердің жануы бойынша 25 факті тіркеліп, ол 113 гектар аумақты шарпыды. Дала өрттерінің пайда болуы табиғи құбылыстардың негізінде және адамдардың немқұрайлылығынан туындайды. Сондықтан, құрметті облыс тұрғындары! Өрт қаупі кезеңінде далада от жақпаңыздар, сөндірілмеген темекі тұқылдарын және сіріңкелерді тастамаңыздар! Сондай-ақ, демалушы азаматтардың қаперіне: өздері демалыс ұйымдастырған жерлерде тазалық сақтау, жағылған от көздерін сөндіру, оттың сөндірілгеніне сенімді болуы керек. Далалық жерлерде, демалыс орындарында өрт тұтанғанын байқасаңыз дереу 112, 101 құтқару қызметіне хабарлаңыз!" дейді атыраулық құтқарушылар.
Амандық АБДОЛ