Атырау көшелерінде кімдерді ұстап жатыр?

Атырауда марихуана тасымалдаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Атырау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде қала аумағында есірткі таратумен айналысқан, бұрын сотталған 33 жастағы БҚО тұрғынын ұстады. Жеке тінту кезінде бір түйіншек пен бір пышақ тәркіленді. Сондай-ақ, жеке автокөлігін тексеру барысында бір "Iphone-15" маркалы ұялы телефон және үш түйіншек табылды. Сонымен қатар, күдіктінің көрсетуімен қала аумағында тағы 35 түйіншек анықталып, тәркіленді. Алынған заттар салмағы 32,61 грамм болатын «марихуана» есірткі заты екені анықталды.

Қазіргі уақытта күдікті сот қаулысымен тергеу изоляторына қамауға алынды. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша, ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.

Амандық АБДОЛ