Бұл туралы біз аудан әкімдігінен білдік, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында азаматтық қорғау органдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға және олардың әлеуметтік мәртебесін арттырудың маңыздылығын атап өткен болатын. Осы бағытта ауданға Атырау облысы әкімдігі мен ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің қолдауымен арнайы құтқару қызметіне арналған екі жаңа “Toyota Hilux” автокөлігі табысталды. Қазіргі заманғы құрал-жабдықтармен жарақтандырылған техникалар төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бағытындағы жұмыстардың тиімділігін арттырып, шұғыл авариялық жұмыстарда әрекет ету үшін қолданылатын болады.
Айта кетер жайт, аудандық төтенше жағдай бөлімінде қазіргі уақытта өрт сөндіруге арналған Урал автокөлігі базасындағы екі АЦ-6-40 пен АЦ-5-40 арнайы өрт сөндіру көлігі және негізгі жұмыстарға арналған 1 Toyota Hilux автокөлігі бар.
Аман ШАМАР