Астана төрінде тойланып жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы – Қазақстанның егемендік тарихындағы айтулы оқиға.
Бұл мерейтой әр азаматтың бақ-берекесін арттыру жолында ұлтымызды ұйыстыратын маңызды белес. Отыз жылда жеткен жетістіктеріміз елдің бірлігі үшін еңбек еткен абзал жандардың еселі еңбегінің жемісі екені сөзсіз.
Жұртымыз үшін ең үлкен марапат – елдің тыныштығы. Шын мәнінде, қоғамда татулық болмаса, басқа жұмыстың бәрі бекер болмақ. Береке-бірлігімізді сақтай алмасақ, қастерлі Тәуелсіздігіміздің баянды болуы да екіталай. Еліміздегі тұрақтылықты нығайту үшін республика көлемінде Ассамблея мүшелері, Ақсақалдар , Аналар кеңесі, Ассамблея жастары табанды еңбек етуде.
Менің де осы сапта боп өз үлесімді қосып келетінім қуантады.
Қалығыз КӨШКІНБАЕВА,
ҚХА Сарайшық аналар кеңесінің төрайымы
Фото: Ақорда