Аузы арақтан босамаған атыраулықтың басы дауға қалды

Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 669-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Сотпен анықталғандай, 2025 жылдың наурыз айында тұрғылықты мекен-жайы бойынша тексеру барысында И.-дың алкогольдік ішімдік ішкен күйде болып, соттың 1 жыл мерзімге алкогольдік ішімдіктерді тұтынуға тыйым салу түріндегі ерекше талаптарды белгілеу туралы қаулысын бұзған.

И.-дың әкімшілік құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, сауалнама хаттамасымен, сот қаулысымен және басқа да іс материалдарымен расталды.

Сот қаулысымен И. әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза қолданылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ