Атыраулық боксшылар жастар спорттық ойындарының жеңімпазы атанды

20–26 сәуір күндері Қызылорда қаласында бокстан Қазақстан Республикасының VI жастар спорттық ойындары өтті. Биылғы жарыс 2007–2008 жылы туған ринг шеберлеріне арналды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Ұлдар арасында 20 өңірден 218 боксшы 13 салмақ дәрежесінде, ал қыздар арасында 16 өңірден 96 спортшы 12 салмақ дәрежесінде бақ сынасты.

Атыраулық спортшылар жарыс жүлдегері атанды. Ұлдар арасында 75 келі салмақта Алпысбаев Жандос жеңімпаз атанса, қыздар арасында 54 келіде Гаухар Зарден күміс жүлдеге ие болды.