Атырау облысы Д.Қонаев атындағы «Бином» орта мектебінде «Заң және тәртіп» тақырыбына арналған «XXI ғасыр көшбасшысы» атты зияткерлік сайыс өткізілді,-деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Бес кезеңнен тұрған интеллектуалды сайысқа бес мектептің көшбасшы президенттері қатысты. Шараның басты мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, заңды білуге және оны күнделікті өмірде қолдануға ынталандыру.
- Дода Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы, «Атырау қаласының Жастар ресурстық орталығы» және Атырау облысы полиция департаментінің ұйымдастыруымен өткізілуде. Мұнда тек жоғары сынып оқушылары қатысуда, яғни, мектеп президенттерінен құралған үздік қатысушылар,- деді ұйымдастырушы Гүлназ Арыстанова.
Сайыс аясында қатысушылар Қазақстан және дүниежүзілік тарих, әдебиет, география, құқық салалары бойынша білімдерін сынап, өзара бақ сынасты.
- Менің дайындығым жоғарғы деңгейде. Бұл жарысты бір апта бұрын ескертті. Сайыстың маңыздылығы жастардың келешекке дұрыс бағдар беруі деп білемін,- деді қатысушы Санжар Сабыржанұлы.
Сайыс құқықбұзушылықтың алдын алу, есірткі мен лудоманияның зияны, құқықтық салдарлар, суицид пен буллингтің алдын алу секілді өзекті мәселелерді қамтыды.
Қорытынды бойынша үздіктер іріктеліп, келесі номинациялар бойынша марапатталды:
• XXI ғасыр көшбасшысы – Бекбол Зерделім, №38 мектеп оқушысы;
• Үздік ойыншы – Амантай Мақсат, Ы.Алтынсарин атындағы мектептің оқушысы;
• Көрермен көзайымы – Шапхат Айнара, Жангелдин мектебінің оқушысы.
Сонымен қатар қатысушылардың белсенділігі ескеріліп, төмендегі оқушыларға алғыс хаттар табысталды:
• Санжар Сабыржанұлы, №3 мектеп;
• Баймырза Рамина, №42 мектеп.
Жалпы іс-шара барысында 30-ға жуық оқушы қамтылды.