31 наурызда «Атырау» тағы да «Ақтөбеден» 4:0 есебімен жеңілді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
16 сәуір күні Алматы қаласындағы Орталық стадионда футболдан Қазақстан чемпионатының кейінге шегерілген 16-тур матчі өтті. Ойын қазіргі чемпион — «Қайрат» пен «Атырау» командалары арасында өтті.
«Қайрат» матчтың 1-минутында есеп ашты. Қонақтардың қорғаушысы қателікке бой алдырып, алаң иелерінің 16 жастағы шабуылшысы Дастан Сатпаев допты іліп алып, қақпашы Асхат Сиукаевпен бетпе-бет шықты. Осы сәтті пайдаланып, Сатпаев өзінің «гол+пас» жүйесі бойынша алтыншы ұпайын еншіледі.
Екінші голды Еркін Тапалов пенальтиден соқты. Үшінші голды ойынның 59-минутында Александр Мартынович екінші таймның ортасында өз атына жазды. Ал соңғы голды Жержиньо соқты. Ал, қонақтар жауап ретінде тіпті бірде-бір гол соға алмады.
Сәуле МАҒАУ
Фото freepik