Атырауда жер сілкініп жатыр ма?

Бұл туралы еліміздің Қазақ ұлттық деректер орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Аталған орталықтың жедел мәліметіне сәйкес, бүгін, яғни, 10 сәуір күні Астана уақыты бойынша сағат 01:40-та (Гринвич бойынша 9 сәуір 20 сағат 40 мин.) Құлсары қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 120 шақырым жерде сілкінісі болды.

"Эпицентрдің координаттары: 45.95 градус солтүстік ендік, 54.28 градус шығыс бойлық. Магнитудасы mb=4.3. Энергетикалық класс К=9.1" делінген хабарламада. 

Алайда, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары жер сілкінісі туралы ақпарат түспегенін айтып отыр.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото-иллюстратив: автор