Мақат және Доссор кенттеріндегі 29 көпқабатты үйлердің шатырлары мен қасбеттерін қалыпқа келтіру жұмыстары басталды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Қазіргі таңда Мақат кентіндегі С.Әлиев көшесінің №80/3, 80/4, 80/6 көпқабатты тұрғын үйлердің шатырлары мен С.Әлиев, С.Мұқашев көшелерінің КПД деп аталатын №1,2,3,4,5,6,7,8/1 және «Мұнайшы газеті» көшесіндегі №18/1, 18/2 көпқабатты үйлерінің шатырлары мен қасбеттерін жөндеу жұмыстары басталды.
Сонымен қатар, Доссор кентіндегі Ә.Мантаев көшесіндегі №193, 194,195,196,204 көп қабатты үйлердің шатырлары күрделі жөндеуден өтіп, М.Өтемісұлы көшесіндегі №117, 120, 129, 134, 139, 147, 171, Н.Құсайынов көшесіндегі №108, №109, 113, 136 көпқабатты үйлердің шатырлары мен қасбеттері жаңартылатын болады.
Бұл жұмыстар арқылы аудан тұрғындарына бірнеше жылдар бойы қолайсыздық туындатқан мәселелер оң шешімін тауып, тұрғын үйлердің келбеті жаңарарады.
Аман ШАМАР