Жолдағы қауіпсіздік бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Сол себепті азаматтардың құқықтық сауатын арттыру мақсатында жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар үнемі жүргізілуде. Биыл облысымызды қиып өтетін республикалық маңызы бар тас жолдарда 35 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 11 адам қаза тауып, 82 адам дене жарақатын алған.
Апаттардың басым бөлігі жүргізушілердің жылдамдық режимін сақтамауы, белгіленген ережелерді елемеуі және қауіпті аймақтарда қате бағытта қозғалуынан туындады. Осыған байланысты, Атырау облысы полиция департаменті жанындағы патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін сақтау өміріңіз бен қоғам қауіпсіздігі үшін де маңызды екенін ескертеді.
"Өміріңіз – басты байлығыңыз екенін ұмытпаңыз. Қауіпсіз жол қозғалысы – әркімнің жауапкершілігінде" дейді жол сақшылары.
Амандық АБДОЛ