Өткен жылы Атырау облысы бойынша 4012 жұп некесін заңдастырды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Ал, жыл басынан бүгінгі күнге дейін көрсеткіш 864-ке жетті. Жастар неке қиюды тіркеу үшін электронды түрде де АХАТ бөліміне келіп те өтініш тапсыруға болады. Некені мемлекеттік тіркеуді тіркеуші орган күнтізбелік он бесінші күні жүргізеді. Неке куәлікті алу үшін екі жас міндетті түрде бірге келуі қажет. Бір адам келген жағдайда неке қию туралы куәлік берілмейді.
Айта кету керек, 7 сәуірден бастап қалалық АХАТ бөлімі жаңа ғимаратқа көшті. Енді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Атырау облысы бойынша филиалының Атырау қалалық АХАТ бөлімі Әбілхайр Хан даңғылы, 77 мекен-жайында орналасқан «Салтанат сарайы» ғимаратында жұмысын 03 жалғастырып жатыр.
Бұл сарайда жас-жұбайлардың тілегі бойынша неке қию рәсімін салтанатты түрде өткізу үшін заманауи үлгіде жабдықталған әдемі кең залымыз бар. Салтанатты неке қию рәсімі ақылы түрде ұсынылады.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ