Атырау облысы сәулет және қала құрылысы басқармасының тапсырысымен Береке селосы және Алмалы ауылдық округіндегі дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы тамызда аяқталады,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Жаңа нысандарда емдік-профилактикалық, процедуралық, зертханалық, залалсыздандыру, дәрігерге дейінгі қабылдау, тазалық бөлмелері мен акушер-гинеколог кабинетінің болуы қарастырылған.
– Ақпанда Атырау қаласы Береке селосы мен Алмалы ауылдық округінде 25 орындық дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы басталған болатын. Қазір Берекедегі нысанда қабырғаларды қалау жұмыстары аяқталып, шатырын жабуға дайындық жүргізілуде. Қос ғимараттың да құрылыс жұмыстары бекітілген кестеге сай жүріп жатыр. Тамыз айында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр, – деді Атырау облысы Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының бас маманы Ернар Қадырбай.