12-13 сәуір күндері сағат 08:00-ден 15:00-ге дейін Тұрғындар қалашығы шағын ауданы “Мұнайшы” стадионының алдында тауар өндірушілері мен шаруа қожалықтарының қатысуымен азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
"Аталған жәрмеңкеге қатысу үшін жазбаша өтініштеріңізді Махамбет к-сі 72 мекен жайында орналасқан “Атырау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі” ММ-не келіп жазуларыңыз сұралады" делінген қалалық әкімдіктің баспасөз хабарламасында.
Амандық АБДОЛ