Атырауда «Ақжайық» басшысы ауысты

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасының бұйрығымен Ескабулов Даурен Кайыржанович «Ақжайық» МТР РММ директоры лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Атырау облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Даулетов Ризабек Галымжанұлы резерват қызметкерлерімен кездесу барысында жаңа басшыны лауазымдық тағайындау туралы бұйрықпен салтанатты түрде таныстырып Даурен Кайыржановичке жаңа қызметте сәттілік тіледі.

Амандық АБДОЛ