Атырауда жоғалып кеткен балықшылардың денесі табылды

Қайғылы оқиға Құрманғазы ауданында болды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

"Gwonline" телеграм арнасының мәліметінше, 3 сәуірде Каспий теңізінің жағасында бұрын теңізге балық аулауға шыққан және хабар-ошарсыз кеткен екі адамның денесі табылды.

Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қаза тапқандар 1981 және 1991 жылы туған ер адамдар. 1 сәуірде олар балық аулауды жүзеге асыру үшін Каспий теңізі бағытындағы "Новинск" каналы арқылы қайықпен шықты. Осыдан кейін олармен байланыс үзілді.

Іздеу жұмыстары бірнеше күн бойы жүргізілді, тек 3 сәуірде "Каспий таңы" өндірістік кооперативінің қызметкерлері балықшылардың денелерін жағадан 70 шақырым қашықтықта тапты.

Оқиғаның мән-жайы нақтылануда.

Аман ШАМАР