Желіде бірнеше ер адамның бір азаматты аяусыз соққыға жығып жатқан бейнежазбасы пайда болды. Аталған жағдай бойынша полиция тексеру жұмыстарын бастады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Кадрларда бір топ ер адамның жерде жатқан азаматты ұрып, тепкілегені көрінеді. Зорлық-зомбылық көрінісін бейнежазбаға түсіріп алған қыздар оқиға куәгерлері болуы мүмкін. Шабуылдаушылардың бірі жәбірленушінің басынан соққы жасаған. Жәбірленуші орнынан тұрып, ақсаңдап қашып үлгерген.
Аталған дерек бойынша құқық қорғау органдары тексеру жұмыстарын бастап кетті.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ